• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

СЕНБІ КҮНІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР КӨРМЕ МЕН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ТАМАШАЛАДЫ

04.03.2019
0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау  аясында елімізде айрықша із қалдырған тұлғалары мен  мұраларды дәріптеу, жұртшылыққа кеңінен таныстыру мақсатында музейлер көрмесі және концерттік бағдарлама бастау алды.
Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Есімхан» алаңында өткен шарада қала тұрғындары мен қонақтары «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби» музейінің Оқсыздан табылған сазсырнай, құмырасы мен «Вальс падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың мондолинасы және мүштегі, «Отырардағы той» әнінің жазбасы, Әбу Нәсір әл-Фарабидің  құлпытасының бір бөлігі мен  Мысырдан табылған «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты,  «Музыканың ұлы кітабы» атты трактатының қолжазбасының нұсқасы сынды көптеген құнды дүниелерін тамашалап, тарихи дерегімен танысса, Кентау қалалық музейі әкелген XVII ғасырға тән қылыш пен дулыға, шырағдандар мен сынап ыдыстар, тау кен ісі тарихына арналған минералогиялық жәдігерлер де сыр шертті. Көрме барысында облыстық Тарихи – мәдени-этнографиялық орталығы ұсынған XIX ғасырдағы шолпы, сырға, білезік, қапсырма сынды қазақ әйелдерінің әшекей заттары мен тұрмыстық бұйымдар,  Н.Оңдасынов атындағы музейінің қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлының жұмыс телефоны, патефоны, сиясауыты мен портреттері ,  Н.Төреқұлов атындағы музейінің алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Н.Төреқұлов және оның қызметтік жолы жайлы деректер, Бейнелеу өнері музейінің майлы бояумен салған киелі-рухани, тарихи жерлерді дәріптеген суреттерін көпшілік қызыға тамашалады.
Көрмеге 300-ге жуық тарихи, құнды жәдігерлер қойылды.
-«Облыс орталығында өтіп жатқан көрмеге «Руханият Әбу Насыр әл-Фараби» музейі 70-ке жуық тарихи жәдігерлер алып келдік. Олардың ішінде, Әбу Насыр әл-Фараби, Ш.Қалдаяқов, Өзбекәлі Жәнібеков, Құлыншақ Кемелұлы, Тәушен Әбуова және Отырардан шыққан көптеген ақын-жазушылар жайлы деректер мен олардың төл дүниелері бар. Сонымен қатар, бабтардың бабы — Арыстанбабтың мөрі де келушілер назарына ұсынылды.Төл тарихымыз, тұлғаларымыз жайлы кеңінен ақпарат беріп, өңірімізден шыққан ұлыларды танытуға арналған көрме келушілер үшін тағылымға толы болғандығы анық»,-дейді «Руханият Әбу Насыр әл Фараби» музейінің директоры Алмас Жұмашев.
-«Қызылорда қаласынан Қожа Ахмет Ясауи бабамызға құран бағыштап, зиярат жасап келдік. Сапарымыз тарихи көрмелерді тамашалауға ұласты. Қуаныштымыз. Тарихымыз алдында танымы бөлек бабаларымыздың көзін көргендей күйге бөлендім. Еңбектеріңізге табыс тілеймін»,-деді Түркістан қаласына келген Күләш Батырова.
Көрме аясында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып, рухани астанада өнер туын желбіретіп жүрген өнерпаздар халық әндері мен жергілікті композиторлардың шығармаларын орындап, ел қошеметіне бөленді.
Елбасы мақаласының мәнін тарихи көрмелер арқылы насихаттай отырып, қала тұрғындарының демалыс күндері мәдени-рухани тынығуына үлес қосу мақсатында қолға алынған шара әр аптаның сенбі күндері тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.

Түркістан облысы  Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі. 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.