Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады.
Бағдарлама аясында көпбалалы және толық емес отбасыларға жеңілдік шарттармен ипотека ұсынылады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.
«Қала бюджетінен 1 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары бөлінеді. Бастапқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, мөлшерлеме — 18 жылға 2%», — деп келтіреді inform.kz Байбектің сөзін.
Мұндай схема бойынша құны 15 млн теңгеден аспайтын жаңа құрылыстарда шағын көлемді пәтерлер сатылады. Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтер 2019 жылы пайдалануға беріледі.
Алматыда тұрғын үй кезегінде 1276 көпбалалы және толық емес отбасы тұр.
365info.kz.