Биыл Шымкент қаласында қоғамдық көлік мәселесі толықтай өз шешімін табатын болады. Ол үшін қаламызға 1 мың жаңа автобус сатып алынады. Осының есебінен қосымша 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жылдық қорытынды есебінде мәлімдеді.
«Айғақ-ақпарат».