Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Аңызға айналған «қара майор» қайтыс болды
    Айғақ MEDIA

    Аңызға айналған «қара майор» қайтыс болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.02.2019253 Views

    Ауған соғысының ең танымал ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші отрядтың командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаев қайтыс болды. Ақпаратты «Боевое братство» ардагерлер одағының басшысы Сергей Пашевич растады.

    12 ақпанда таңертең «Қара майордың» қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен.

    Жақында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барды. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін «Алтын үкі» төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

    Борис Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы жоғары қолбасшылық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң 1970 жылы Германиядағы кеңестік әскер тобына жіберіледі. 1973 жылы барлау ротасының командирі болады. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1980 жылы Эфиопияға аттанады. Ал 1981 жылы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі 177 бөлек арнайы жасақ отрядының командирі болып тағайындалады. Керімбаевтың тағдырына әсер еткен дәл осы тағайындау еді.

    Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан «мұсылман» батальоны атанып кеткен.

    1989 жылы отряд Ауғанстаннан ақырғы болып шықты.

    Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші отряд сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған.

    Kaz.tengrinews.kz

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.