ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко ҚР АКМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

В. Ярошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін (инженер-механик), Қазақ гуманитарлық заң университетін (заңгер), Көкшетау экономика және менеджмент институтын (ақпараттық жүйелер маманы) тәмамдаған.

2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қызмет атқарған. 2015–2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...