— Арыстан баб кесенесі мен «Отырартөбе» қалашығына абаттандыру жұмысы жүргізіліп, қыз-қыз қайнайтын туристік кешенге айналмақ. Алдағы қыркүйек айында тариxи орындарды жаңа қырынан көретін боласыз. 2020 жылы ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Осыған орай, Отырарда руxани тірліктер қолға алынбақ ниетте. Аудан әкімі Ерлан Айтаxанов осылай деп жылдық есебінде мәлімдеме жасады. Шәуілдір ауылында өткен әкімнің қорытынды есебіне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов қатысып, халықтың бағасын білді.
— Күні кеше Түлкібас ауданында «Салбурын – мереке ғой саятшыға» атты облыстық деңгейдегі фестиваль өтті. Алатаудың етегінде ұйымдастырылған фастивальда ұлттық спорт түрлері кеңінен дәріптеліп, насихатталды. Облыстың барлық аудандарынан келген спортшылардың өнерін тамашалауға Түлкібас ауданының әкімі және өзге де қоғам қайраткерлері қатысты.
— Татулықты ту еткен Түркістан облысында түрлі этнос өкілдері шоғырланған. Соның ішінде мыңға жуық өкілі бар «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі. Осы ретте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов әр аудандағы шешен-ингуш азаматтарымен жүздесті. Көзделген мақсат: ұлтаралық татулықты сақтап, түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның гүлденуіне ат салысу. Сондай-ақ бұл басқосуда жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен алда ұйымдастыратын мәдени іс-шаралар жайы сөз болды.
— «Ю Хак» идеялар фестивалі. Шымкентте алғаш рет 24 сағат ішінде шағармашылық жұмысын іске асырып, жоба әзірлейтін жастардың сайысы бастау алды. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған, жаңа форматтағы жарысқа 1600-ге жуық жастар қатысып, бүгін негізгі тапсырмаларын алды. Қала әкімдігі қолдау көрсетуімен, «Ю Пожекс» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған фестивалдің бүгінгі салтанаты ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
— «Қылмыссыз жарқын болашақ». Осы тақырыпта үшінші мегаполистегі білім беретін мекемелерде 10 күндік профилактикалық іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы білім басқармасының мамандары, ата-аналар мен оқушыларға 10 күн бойы, 10 түрлі тақырыпта жұмыстар жүргізген. Ондағы мақсат, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы орайда, 80-ші мектеп-лицейі қабырғасында онкүндіктің қортынды жиыны өтті.
— Еліміз Тәуелсіздігін алған жылдары бірқатар ірі кәсіп орындармен мәдени ғимараттар жекенің меншігіне өткені белгілі. Оның ішінде бір кездері Шымкент қаласының көрікті мекені болған фосфоршылар сарайы да бар.
— Шымкент қаласынан шеткеріде жатқан Абай ауданының Ақтас және Ақжар елді мекендеріне әлеуметтік қоғамдық көліктер қатынауда. Ал, ол үшін оларға бюджеттен 80 млн теңге субсидия беріліп жатыр. Бұған дейін, автобус меселесі күрделі болып келген аймақтарға барып келу қиындап, қоғамдық көлік мұнда атымен болмайтын. Ендігі жерде № 147-ші әлеуметтік қоғамдық көлік, әр 20 минут сайын Ақтастағы жолаушы тасымалымен айналыспақ.
«Айғақ-ақпарат».