Түркістанда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сəйкес басқарма басшыларының қатысуымен ашық қоғамдық қабылдау өтуде. Мұндағы мақсат облыс тұрғындарының түрлі салаларға қатысты талап-тілектерін тыңдап тиісті деңгейде шешуге бағытталған. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда басқарма мамандары өз өтініштерін айта келген тұрғындарға кеңес беріп, айтылған мəселелерді шешу бағытына басымдық берілді.
Айта кету керек қоғамдық қабылдаудың алғашқы кезеңінде жеті бірдей облыстық басқарма өкілдері азаматтарды қабылдады. Сонымен бұл күні Түркістан облыстық білім басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармасы, Дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, Дін істері басқармасы мен Ішкі саясат, сондай-ақ Отбасы, балалар жəне жастар істері жөніндегі басқарма мамандары қоғамдық қабылдау өткізді. Нəтижесінде бұл күні түске дейін 70 тен астам азамат өз мəселелері бойынша тиісті басқармалардың қабылдауында болып, мамандар кеңесін алды.
Қарапайым халық үшін аса тиімді мұндай форматтағы қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Бұл туралы Түркістан облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов мəлімдеді.
Абай Омар.