Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша теңдессіз ынталандыру: ағылшын тілінде тесті үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді
    Айғақ MEDIA

    «Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша теңдессіз ынталандыру: ағылшын тілінде тесті үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.01.2019380 Views

    Республика бойынша 2019 жылдың 18 қаңтарында сағат 9:00-де оқудың ақылы бөліміне түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 18-20 қаңтар аралығында 35 838 талапкер сынаққа қатысады. Оның ішінде 61-і білімін ағылшын тілінде сынайды. ҰБТ-ны шет тілінде тапсырушылар санының артуына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызығушылық танытты. Осыған орай, тестіленушілерге ынталандыру ретінде жоғары балл жинаған оқушыны шетелдік ЖОО-ға грантқа түсірмекші.

    ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Жанболат Мелдешов тесті ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкерге грант бөлуге дайын екендігін айтып, бірқатар шетелдік серіктес ЖОО-ларды белгіледі.

    2019 жылдан бастап қазақстандық мектептердің түлектері ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл бастаманың мақсаты — мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттыру. Оқушылар ҰБТ-ны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсыра алады. Биыл 61 талапкер тесті ағылшын тілінде тапсыруға бел буды (салыстырмалы түрде: жазғы ҰБТ – 2018 кезінде, тек, 25 оқушы ағылшын тілінде тапсырды).

    «Жалпы, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік өте көп. Биыл шетелдік ЖОО-лар біздің азаматтарға 40 000 грант бөлуге дайын. Бұл – әр талапкердің тегін білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп түлектері ҰБТ сертификатымен қазақстандық ЖОО-ларға ғана емес, шетелдік оқу орындарына да түсе алады. Мысалы, Түркия жоғары оқу орындарына біздің сертификатымызбен түсе алады. Ол үшін ағылшын және түрік тілдерін білуі керек», — дейді Ж. Мелдешов.

    Соңғы жылдары ағылшын тілінде білім беру қарқынды дамып келеді. Кейбір қазақстандық мектептерде ағылшын тілінде пәндер енгізілген. Ағылшын тілінде тест тапсырудың басты мақсаты – шетелдік ЖОО-ға түсуге деген ниет. Бұл сұрақ бойынша талапкерлерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» көмектесуге дайын.

    ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.