Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасының ағымдағы жағдайы туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев баяндады.

Еске сала кетейік, «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, орталық және солтүстік өңірлерді сенімді және үздіксіз газбен жабдықтауға, сондай-ақ, жалпы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Әлеуметтік-экономикалық әсері:

• магистральді газ құбырының бірінші кезегінің бойындағы 171 елді мекенді кезең-кезеңімен қамтамасыз ету;

• магистральді газ құбыры трассасының бойындағы инфрақұрылымды дамыту;

• құрылыс кезеңінде 1690-нан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде шамамен 200 жұмыс орнын құру;

• Астана қаласының және магистральді газ құбырының бойындағы басқа да елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту.

ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, 2018 жылғы 19 қарашада «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» АҚ арасында «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу туралы келісімшартқа қол қойылды. Жұмыстар кестесіне сәйкес бір мезгілде бес желілік ағынды жүзеге асыру арқылы магистральді газ құбырын салу жоспарланып отыр. Монтаждау және құбырға гидросынауды жүргізу арқылы магистральді газ құбырының желілік бөліктерін салуды аяқтау 2019 жылдың соңына қарай белгіленді.

Мердігердің техникасын, жабдықтары мен жұмысшыларын жұмылдыру биылғы қаңтардың соңында басталады. Трассаны дайындау 27 ақпанда басталмақ. Бұл ретте, желілік құбырдың бірінші партиясын жеткізуді осы жылғы наурызда бастап, тамызда аяқтау жоспарланып отыр. Желілік құбырлардың дәнекерлеу жұмыстары биыл 21 наурызда басталады.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, газ тарату желілері бойынша қазіргі таңда Астана қ,. Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері газ тарату желілерінің бірінші кезегін салудың жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) аяқтауда.

Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың І тоқсанында ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде.

Жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша ЖСҚ-ға «Мемсараптама» РМК-нің кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін Энергетика, Қаржы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте «Сарыарқа» магистральді газ құбыры трассасының бойындағы елді мекендерге газ тарату желілерін салуды қаржыландыру мәселесін пысықтайтын болады.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, аталған тапсырма тұрақты бақылауға алынған.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...