• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Сарыағашта бір күнде 13 нысан іске қосылды

10.01.2019
0

Саялы Сарыағашта бір күнде 13 нысан іске қосылды. Үш ауысымды мектептің саны қысқарып, доңыз жылының алғашқы айында су жаңа білім ордасы жұмысын бастады. Халқы тығыз орналасқан аймақта медициналық мекеме де жетіспейтін. Жергілікті бюджеттің қаражатына салынған медициналық тірек те пайдалануға берілді. Аудан басшысы Қайрат Әбдуәлиев таң қылаң бере әуелі балабақша лентасын қиып, бүлдіршіндерді кеудесіне қысты. Тұлымшағы желбіреген балақайлардың жайдарлы күлкісі әкімге шабыт сыйлап, жұмысына серпіліспен кірісті.  Рухани жаңғыру дегеніміз — тарихты ұмытпау, асылдарымызға құрмет көрсету. Сарыағаш қаласы доңыз жылын осылайша, жағымды жаңалықтан бастап отыр. Қапланбек оқу шаруашылығында «Ер есімі – ел есінде» аллеясын салтанатты түрде ашып, 1941-1945 жылдары ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухына құран бағыштады.

Бұл маңнан соғысқа 43 азамат аттанған екен. Көпшілігі майданда мерт болыпты. Ресей елінің топырағында жатқан ерлер қанша ма? Соның бірі Сталинград шайқасына қатысып, ерлік жолында дәм тұзы таусылған солдат. Қан майданның даласына жерленген жауынгердің жатқан жерінен бір уыс топырақ осы аллеяға жеткізіліпті. Батырларға көрсетілген құрмет — жиналған қауымның ет-жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді.

Дәл осы аллеяның жанынан 900 орынға арналған мектеп салыныпты. 2017 жылдың қараша айында басталған құрылыс жұмыстары биылға дейін жалғасқан. №4 Юрий Гагарин атындағы білім ордасының ұжымы және оқушылары бұған дейін ескірген ескі ғимаратты паналап, төзімділік танытқан. Сол шыдамдылық шын қуанышқа жеткізді.

Мектеп — білім айдынындағы үлкен кеме тәрізді. Қызықты сәттердің көбісі алтын ұяның табалдырығында. Онда таудай болып шығасың. Сондықтан тәрбие мен білімнің мекеніне көп көңіл бөлінсе орынды. Қаншама түлектердің қанатын қатайтып ұшырған білім ордасының ұжымы су жаңа ғимаратқа көшіп, көңілдері жайланды. Осылайша, Сарыағашта үш ауысымды мектептердің саны тағы да кеми түсті.

Сарыағаш ауданындағы Тегісшіл ауылдық округінде де мектеп ескірген. Қазақ поэзиясындағы ірі өкілдердің бірі Мағжан Жұмабаевтың есімін иеленген білім ұясы алақандай ауылдағы ағайынға қуаныш сыйлады. Өйткені, мұндағы әрбір жанұяның баласы, енді бірінің немересі осында білім алып жүр. Тұрғындардың кем дегенде 30 пайызы мектепте жұмыс істейді. Мекеме басшысына кілт табысталып, лента қиылған соң жұртшылық ғимараттың ішкі тынысымен танысып шықты. Заманның талабына сай салынған білім ошағы көпшіліктің көңілін жадыратты. Бұл — елімізде жағдайдың жақсарғанын білдіреді. Қолда барға қанағат етіп, шүкір етуге мүмкіндік.

300 орынға шақталған мектеп Тегісшілден текті ұрпақты тәрбиелейтін басты мекеме. Екі жыл бойы құрылысы жүрген шақта оқушылар маңайында қызыға асыр салған. Тар сыныпта тынысы тарылғандар кең ғимаратқа келіп көсілді.

Жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеменің жаңарғаны жақсы. Бірақ денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі. Сарыағаштағы Тегісшіл ауылдық округінің ағайыны бір күнде қос қуанышқа куә болды. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуықтады. Осы уақыттың аралығында әлеуеті дамыған аймақ медициналық тірекке жарымаған. Енді басы ауырып, балтыры сыздай қалса білікті дәрігерлер тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуге әзір. Бұл үшін жаңа ғимарат салынып, іші қажетті құрал-жабдықтармен толықты. Осылайша сарыағаштықтардың жұдырықтай жүректері дүрсілдеп, көңілдері шаттанды. Түркістан облысы бойынша әлеуеті жақсы ауданның қатарындағы Сарыағаш осылайша бір күнде 13 нысанды іске қосып, әлеуметтік нысандардың мәселесін шешіп жатқанын байқатты.

Бағлан Байкөбекқызы

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.