• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 25 желтоқсан, 2018 жыл.

26.12.2018
0

Желтоқсан айының 24 күні рухани астанада жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды. Биіктігі 20  метрді құрайтын шыршаны тамашалауға Түркістан қаласының тұрғындары мен бүлдіршіндер жиналған. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып мерекелік құттықтауын жеткізді.

Бүгін Түркістан облысының орталығында жаңа заман талаптарына сай жабдықталып, 100 пайыз сандық жүйеге қосылған «Жедел-жәрдем медициналық орталығының» ашылу рәсімі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебеав қатысты. Салтанатты шара барысында «Облыстық жедел-жәрдем медициналық стансасына» үш су жаңа арнайы көлік сыйға тартылды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Түркістан облысы бойынша филиалына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін Қанатбек Досалиев басқарған партия филиалына енді Нұржан Әжіметов төрағалық етеді. Бұл ақпарат рухани астанада өткен конференция барысында мәлім болды.

Ақын Ханбибі Есенқарақызының он томдық кітабы жарыққа шықты. Бұған дейін махаббат туралы жырлап, өмірдегі оқиғаларды ақ параққа түсірген талант иесі халықтың рухын оятатын, намысын қайрайтын шығармаларды дүниеге әкелді. «Хан қызындай Ханбибі» атанып жүрген ақын қиын-қыстау заманда талай еңбектерімен оқырманды баураған нәзік жанды таланттардың бірі. Бұл жолы он томдық кітапты жарыққа шығарып, таңырқатып отыр. Өзі білім алған мемлекеттік Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтында баспадан шыққан су жаңа кітаптың лентасы қиылып, оқырмандарға ұсынылды. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Парасат орденін иемденген көрнекті ақынның бұл кітабын оқып күлесіз, жылайсыз және көкейіңізге ой түйесіз. Қазақ қызының ерлігі туралы көп шындықты білесіз. Даңқты жазушы Шыңғыс Айтматов «Ханбибінің өзіде көркем, сөзі де көркем» деп бағасын берген. Осыдан асқан ақынға атақ болмас. Талайлар мақтауын айтқан Ханбибі Есенқарақызына биліктегі басшыларда құрмет көрсетті.

Ордабасы ауданында ең жас мамандық иелері марапатталды. 10 номинация бойынша іріктеліп алынған үздіктер «Жастар сарайында» бас қосты. Байқауда үздік шыққан жас мамандар өздерінің ерекше әсерлерімен бөлісті.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандар даярлайтын кәсіптік оқу орындарына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Осы орайда Сайрам ауданының Қарбұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы  №25 колледжі бүгінгі таңда 8 мамандық бойынша 700-ден астам студентке орта арнаулы кәсіптік білім беріп жатса,  бітіруші мамандардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші де жыл санап  жоғарылап келеді. Ал, ең бастысы бұған дейін аталмыш оқу ордасы үшін ең негізгі қажеттіліктің бірі болып келген оқу өндірістік база мәселесі де өз шешімін тауып отыр.  Ендігі жерде колледж студенттері  заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа шеберханаларда өз біліктіліктерін шыңдайтын болады.

Абай ауданы әкімдігі 200 балаға жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Демеушілердің қолдауымен өткен шараға аудандағы жағдайы төмен отбасыдан шыққан, жартылай жетім және тыл жетім балалар қатыстырылған. Мерекелік кеште аудан әкімі балалармен бірге шырша айналып, сыйлықтар үлестірді.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.