Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қаласында «Туған жер» жобасы аясында 84 жоба жүзеге асырылды
    Жаңалықтар

    Шымкент қаласында «Туған жер» жобасы аясында 84 жоба жүзеге асырылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.12.2018529 Views

    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген «Туған жер» жобасына шымкенттік кәсіпкерлер үлкен қызығушылық танытып отыр. Бағдарлама аясында биыл қалада 84 жоба ел игілігіне берілді, оның ішінде 32 жоба «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Бұл мақсатта демеушілер мен меценаттар 1,6 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда «Отау групп» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 280 млн теңгені құрайтын, 110 орындық инклюзивті білім беру орталығын, ал «Атамекен» корпорациясы құны 547 млн теңгені құрайтын 320 орын балабақшаны салды.  

    Бұған қоса «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында 138 іс-шара өтті. Осы бағдарлама аясында қаладағы 94 мектепте робот-техникасы кабинеті ашылды, ал 164 оқытушы тиісті курста білімін жетілдірді. Сонымен қоса «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша Шымкенттегі қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге, жалпы саны 18 нысанға QR кодтар орнатылды. «Отырар» кітапханасынан коворкинг орталығы ашылды. «Әдеби өлкетану» жобасы аясында түрлі конкурстар, кездесулер, айтыстар, ашық сабақтар, конференциялар мен семинарлар секілді көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды, кітаптар басып шығарылды.

       

    Шымкентте латын қарпіндегі қазақ әліпбиін насихаттау жұмыстары да кең көлемде жүруде. Нақты айтқанда газеттерде латын қарпінде жазылған мақалалар басылып, қала бойынша осы реформаға арналған 75 баннер ілінген. «100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдік деңгейдегі қаламгерлердің, сарапшылардың қазақ тіліне аударылған 18 оқулығын таныстыру рәсіміне қаладағы жоғары оқу орнының басшылары, оқытушылар, профессорлық құрам мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

       

    Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте 581 іс-шара өткізіліп, оларға 93 мыңнан астам қала тұрғыны қамтылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.