Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Отырар дастаны — жасампаз тарих елі
    Айғақ MEDIA

    Отырар дастаны — жасампаз тарих елі

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.12.20181 548 Views

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында  қазақстандықтар өз тарихын әмбебап және көп өлшемділігімен жүзеге асыруы және қабылдауы қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тəрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс екендігі баса айтылумен қатар, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарына мән беру мәселесі де кеңінен қозғалғаны белгілі.
    Тарих тамырының бүлкілі әрбір ұрпақ жүрегімен тең соғып, санада еріксіз сыр шертер ұлы ұғым. Елбасы мақаласында көтерілген тарихымыздың жаңғырыққа толы жеті қырынан сыр шертетін «Отырар дастаны», «Көне құмыраның сыры»  анимациялық фильмдері өткен жылы ғана жарыққа шыққан болатын.


    Республикалық «Балапан» арнасы да аталған бастамаға қолдау білдіріп, көгілдір арнадан кеңінен насихаттап, сан ғасырлық тарихын қойнауына бүккен сырға толы өлке мен маңызы жөнінде бала тілімен, өскелең ұрпақ санасына сіңіруге атсалысты.
    Тарих жылнамасын санамаласақ, келесі жылы алты айға созылған Отырар шайқасына 800 жыл толады. «Елу жылда ел жаңа» десек, сан ғасыр көшін көрген сайын дала көненің ескірмес ізі мен тарих таңбасын боямасыз хәлде паш етіп тұрғандай.


    Қос анимациялық фильмде де ел мен жерді сақтап, қорғап қалу жолындағы жанқиярлық ерлік, жауыздықпен күрес кеңінен суреттеледі. Бүгінгі күнде қаншама туристердің арнайы барып, көзбен көруге ынтық мекенінің бірі — тарихи қақпа мен кітапхана орны, бетін аршыса түрлі-түрлі қыш сынықтары шыға келетін, тарихи жәдірге бай ежелгі Отырар жері, отыздан аса Фарабилер мен қаншама тұлғалардың табаны тиген қыртысты топырақтар екені анық. Елбасы мақаласымен жарасым тапқан туындыларды жарыққа шығаруға Отырар ауданының әкімдігі аянбай атсалысты. Нәтижесінде, Отырар атауының мәні мен мағынасы, тарих жалғастығының ұлы ізден алған бастауы жөнінде өскелең ұрпақ та терең ұғынды.
    Әрине, бұл Елбасы бастамаларын жүзеге асырудағы бір  қадам ғана. Алдағы уақытта да жастар бойына патриоттық күш берер, тарихи мәні зор жұмыстар жалғасын таба бермек.

    Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.