Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қаратаудың қос перзентінің есімі ұлықталды
    Айғақ MEDIA

    Қаратаудың қос перзентінің есімі ұлықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.12.2018587 Views

            Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістанда қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығы мен жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің 80 жылдығына орай «Қаратаудың төл перзенттері» атты еске алу кеші  өтті. Кеш аясында Түркістан қаласындағы №21 жалпы орта мектебінде Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына орай мектеп оқушыларының қатысуымен шара және  «Ұлы даланың дара даналары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

            Түркістан қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ «Мәдениет үйінде» өткен шара Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театрының әртістері Тәкен мен Асқар образында өлең оқып, «Қаратаудың төл перзенттері»  поэтикалық  композициясымен  ашылды.

            Қаратаудың қос талантты ұлдарын еске алуға арналған  мерейтойлық кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы мен Қазақстанның Мемлекеттік және  «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы Есенғали Әбдіжаппарұлы, сондай-ақ  Шешен Республикасының Ұлт намысы орде­ні­нің иегері, Шешенстан Мем­ле­кеттік және Қазақстан Жазу­шы­лар одағының І.Жансүгіров атын­да­ғы сыйлықтарының лауреаты, ел мой­ындаған көрнекті ақын Рафаэль Ниязбекұлы, Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы бастаған делегация ХҚТУ-нің студенттері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

            Замандас қаламгерлер сөз зергерлерінің шығармашылығы, қатар жүрген кездері туралы естеліктер айтты. Олардың артында қалған мол мұрасы, қазақ әдебиетінде қалдырған еңбектері халық үшін құнды дүниеге айналады дейді қаламгерлер.

            Кешке қатысқан облыс әкімінің орынбасары  Мәлік Отарбаев  сөз сөйлеп, Тәкен Әлімқұловтың жұбайы  Есімкүл Әлімқұлова мен Асқар Сүлейменовтің ұлы Әлішер Сүлейменовке облыс басшысы Ж. Түймебаевтың атынан сый-сияпатын табыс етті. «Құлагердей қаламгерлердің атын ардақтау, құрмет тұтып қастерлеу, биікке көтеру, мұра етіп қалдырған алтын қазыналарын келешек ұрпаққа жеткізу, баршамыздың парызымыз. Әдеби шоғырда орны бөлек сөз сәйгүлігі, қазақтың қара сөзінің зергері атанған көрнекті жазушы, ақын Тәкен Әлімқұловтың туылғанына 100 жыл және де тумысы бөлек тұлға, өзгеше дарын иесі Асқар Сүлейменовтің 80 жылдығына арналған мерейлі мереке Қазақстан көлемінде аталып өтуде. Елім деп еңсесін тіктеген, ұлтым деп  ұйқысы қашқан айтулы  тұлғалардың тұғыры қашан да биік»,- деді Мәлік Отарбаев.  Шара соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

      Е. Райымқұлов, М.Сабыр

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.