20 желтоқсан алтыншы шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері, ауданның Құрметті азаматтары қатысты.
Отырыста ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене араласып, аумақтың экономикалық – әлеуметтік дамуына қосқан сүбелі еңбегі мен 16 – желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің» 27 жылдық мерекесіне орай, 27 қарашада өткен аудандық мәслихаттың отыз бірінші сессиясының шешімімен бір топ азаматтар «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атанды. «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық саяси газетінің әлеумет бөлімінің меңгерушісі, 35 жылдан астам журналистика саласында қарымды еңбек етіп келе жатқан білікті журналист Серікқали Жексенбаевқа да Төлеби ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!