Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 13 желтоқсан, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 13 желтоқсан, 2018 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.12.2018262 Views

    — Алтыншы шақырылымдағы  Түркістан облыстық  мәслихатының отыз үшінші сессиясы өтті.  Күн тәртібінде 21 мәселе қаралса олардың негізгісі 2018-2020 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу  болатын. Ал, бюджетке қатысты өзгерістер барысын бұған дейінгі тұрақты комиссия отырыстарында әбден таразы талқысына салған халық қалаулылары бұл жолы мәселені ұзақ талқылап жатпады. Яғни, шешімді жобасына сай бекітіп берді.

    — Түркістандық этнос «Менің елім – Қазақстан» атты ән фестивалінде сынға түсті. Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ұйымдастырылған бұл байқауға 19 үміткер қатысып отыр. Тек патриоттық әндер орындалатын фестиваль осымен төртінші жыл дәстүрлі  өткізіліп келеді.

    — Ел тәуелсіздігіне биыл — 27 жыл. Осындай мемлекеттік маңызы бар мереке еліміздің әр өңірінде кең көлемде тойлануда. Ордабасы ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы  жалпы орта мектебінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылған болатын. Оқушылардың қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жастарға патриоттық сезім мен рухани азық  сыйлады.

    — Тәуелсіздік мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы қатарындағы нұротандықтармен бас қосты. Онда республикалық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының Шымкент қаласы бойынша үздіктері марапатталды. Сондай-ақ, бұл бас қосуда арнайы іріктеуден өткен түрлі сала мамандарын партия құрамына салтанатты түрде қабылдады.

    — Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп – гимназиясының қабырғасында бүгін ұрпақтар сабақтастығы жалғасты.  Тәуелсіздік күніне орай ОҚМПУ ұстаздарымен бірлескен салтанатты жиын өтті. Басты мақсат – оқушылардың бойынан  ұлттық рухты оятып, өткен тарихты жаңғырту.

    — Шымкентте екі айлық нәресте ұнтақ сүт ішіп, уланды деп ақпарат таратылған болатын. Бірақ бұл жалған болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айынының алғашқы аптасында сәбиге «Хумана» балаларға арналған қоспасын берген ата-ана арызданып, ауруханадаға баласы үшін құрақ ұшқан еді. Ананы да, баланы да тексерген ақ халаттылар нәрестенің асқазанынан сынама тапты. Қауіпті зат қоспа тамақтан келген деп ата-ана шағымданды. Осыдан соң жауапты мамандар Германияда өндірілетін белгілі брендтке қатысты тексеру жүргізіп, нәтижесін бүгін жариялап отыр. БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингке медицина саласындағы біліктілер мен «Хумана» компаниясының өкілдері келіп қатысты. Сонымен қатар екі айлық нәрестенің әкесі де келіп, ұнтақ сүтке қатысты асығыс шешім айтқаны үшін компания өкілдерінен кешірім сұрады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.