• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 10 желтоқсан, 2018 жыл.

18.12.2018
0

— Алғашқы басқосу жаңаша лепке  жол ашты. Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облыстық филиалының алғашқы кеңесінде бас қосқан ағайын маңызды мәселелерге тоқталды. Хаттама бойынша жұмыс жасаудан біржола кету керектігін баса айтты.

— Түркістан облыстық мәслихатының 2018-2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілмек. Енді ауылшаруашылығы саласынан үнемделген қаражат өзге салаларға бағытталады. Күн тәртібіндегі мәселе бюджет және экономиканың даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысында талқыға түсті. Сондай-ақ, депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қаржы бөлу керектігін алға тарты.

— Жоғарғы сот бекіткен «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасының «Е-соты» жобасы Төлеби ауданында насихатталуда. «Виртуалды сот» деп те аталатын пилоттық жобаның мақсаты уақытты үнемдеу және сот қызметін барынша автоматтандыру. Нақтырақ айтсақ, сот залына келуге ешқандай мүмкіндігі жоқ, бірақ ол азаматтың сот кезінде маңызы болса, онда ұялы телефон арқылы сот залымен байланысқа түсе алады. Ол үшін «Traue Conf» мобильдік бағдарламаны орнату қажет. Дәл осындай негізде Төлеби ауданында 5 азаматтық, 6 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Сондықтан да шалғайдағы тұрғындар үшін осы тиімді әдіс ұсынылып отыр.

— «Жалындаған жастар – болашаққа жол бастар». Дәл осы ұранмен Төлеби ауданының жастары патриоттық форум өткізді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. «Мәңгілік ел» жастар форумы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және алда келе жатқан 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді. Оның себебі, қос мереке де жастардың патриоттық сенімін арттыратын, күш қуатын жоғарылатын айтулы мерекелер. Оны сезінген жастар елдің артқан сенімі мен үмітін ақтау үшін сапалы білім алуға бар күштерін салатынын айтады. Ал, аудан әкімі өз сөзінде ынталы жастарды  қолдауға әрқашан дайын екенін айтады.

— 350-ге жуық үміткер қатысқан чемпионатта жерлесіміз алтын медальмен оралды. 3-7 желтоқсан аралығында өткен «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2018» ұлттық чемпионатында Нұрбах Шыныбек топ жарды. Чемпионат 30 компетенция бойынша қатысушылардың кәсіби-техникалық саладағы білімдері мен біліктіліктерін анықтау және білім беру сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Түркістан облысының намысын қорғаған ол «Ауыл шаруашылық көліктерін және тракторларын жөндеуші – слесарь» құзіреттілігі бойынша І дәрежелі дипломмен және «Кәсіби шеберлігі үшін» алтын медальмен марапатталды. Түркістан жоғары аграрлық колледжінің білім алушысы теориялқ және тәжірибелік дайындығының жоғары екендігін көрсетті. Нұрбахтың жеткшісі Есенғазы Алтынбеков 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз. «Ұстаздан шәкір озды».

— Шымкентте халықаралық инвестициялық форум өтті. Форумда жалпы құны 200 млн АҚШ долларды құрайтын 11 меморандумға қол қойылды. Мегаполисте қаланың көркейіп, туризмді дамытуда көптеген жаңа жобалар іске асатын болды.

— Иісті улы газдан сақ болыңыз! Осы тақырыпта Ордабасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі арнайы іс-шара өткізді. Бұл жолы мамандар Темірлан ауылына кіре беріс тұста арнайы билборд іліп, тұрғын үйлерді аралап қауіпті деп танылған жылыту пештерін тазалап беруге көмектесті.

— Елордамыз Астана қаласында  желтоқсанның 3-мен 7-сі аралығында    «Worldskills Kazakhstan 2018» төртінші ұлттық чемпионаты өтті. Аталмыш сында еліміздің барлық өңірлерінен келген колледждердің 350 ден астам студенттері 30 түрлі мамандық бойынша жұмыс дағдылары деңгейімен сайысты.  Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған байқау барысында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының  атынан сынға түскен 9 жас өреннің алтауы жүлделі орыннан көрініп өңір мерейін асқақтатып қайтты. Айталық Шардара ауданындағы №16 колледжінің қос бірдей студенті Республикалық чемпионатта 2 орынға ие болса, мерейімізді тасытқан жастарды көпшілік Шымкент теміржол вокзалынан күтіп алды.

— Ел Тәуелсіздігіне биыл -27 жыл! Атаулы дата, күні кеше Шымкенттегі №57 жылпы орта мектебінде кең көлемде аталып өтті. Яғни, «Біз спортты қолдаймыз» деп ұрандатқан мектеп оқушылары , өзара спорттық ойындардан сайысқа түсіп, мерекенің маңыздылығын арттырды. Айта өткейік, Тәулсіздіктің 27 жылдығына арналған бұл  шараны  ұйымдастырушы  «Түрік этно мәдени орталығы»  болып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

40 МЫҢ ИТ-МЫСЫҚ АУЛАНАДЫ

Айғақ медиа
18.08.2026
0

Шымкентте саябақтар мен көшелерде қаңғыбас иттер қаптаған. Мамандардың айтуынша, мәселенің бір ұшы — жануарларды бақылаусыз қалдыратын тұрғындардың өзінде. Дендрологиялық саябақта...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.