• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

15.12.2018
0

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жеке өзінің және Қытай халқының атынан Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін ерекше атап өтті.

«Мен Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарының дамуына баса мән беріп, Сізбен жұмыс бабындағы байланысымызды және жеке достығымызды жоғары бағалаймын. Биылғы маусым айында Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Циндаодағы саммитіне қатыстыңыз. Біз жемісті кездесу өткізіп, бірқатар маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұл екі жақты қатынастардың дамуына тың серпін берді.

Мен Сізбен бірлесе отырып, мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында жаңа белестерді бағындыруға және екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік байланыстарды ілгерілетуге әзірмін. Сізбен «Бір белдеу, біл жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі екінші форумы барысында жүздесеміз деп ойлаймын.

Достас Қазақстанның өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін, ал халқына бақ-береке тілеймін», – деп атап өткен Си Цзиньпин.

Сонымен қатар, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыту барысында қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

«Сіздің дана басшылығыңыздың, көрегендігіңіздің, күш-қуатыңыздың әрі іске адалдығыңыздың арқасында Қазақстан ширек ғасырдан астам уақыт бойы табысты дамып, үлкен жетістіктерге жетіп, әлемде зор беделге ие болды. Сіз «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген мақсат-міндеттерге қол жеткізесіз деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон жолдаған хатында: «Молдова халқының және жеке өзімнің атымнан ұлттық мерекелеріңіз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде табиғи ресурстары мен адами әлеуеті мол Қазақстан ұлттық экономика мен әлеуметтік саланың түрлі бағыттарында зор табысқа қол жеткізе алды. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, елдеріңіздің имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге септігін тигізеді», – деп атап өткен.

Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсе өзінің құттықтау жеделхатында Қазақстан халқына бақ-береке мен амандық тілеп, екі ел арасындағы сенімге негізделген әрі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттестік білдіреді.

Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл Густав, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілейді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.