• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАНДА МАҚТА ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ

14.12.2018
0

Бұл туралы бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің Түркия Республикасының бір топ кәсіпкерлерімен кездесуінде айтылды. Шетелдік «Biotrend energy» компаниясын кәсіпорынның басқарма төрағасы Мурат Аслан бастап келді.

Делегация құрамын өңіріміздің сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық, сонымен қатар, туризм салаларындағы жоғары әлеуетімен таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нүкенов бауырлас түрік елімен кез келген салада әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.

«Біздер, бүгінде, Түркістанның жаңғырып, жаңарып жатқан дәуірінде тұрмыз. Осы орайда, түркі тілдес елдер мен Орталық Азияның рухани-мәдени орталығы болып табылатын шаһарымызды дамытуда бауырлас түрік ағайындармен екі жақты тиімді өнеркәсіптік, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік орнату міндеті тұр деп білемін. Әсіресе, табиғаты көрікті һәм денсаулыққа пайдалы орындарға бай облысымыздың туризм саласын көтеру мақсатында Өздеріңізден жақсы ұсыныстар күтеміз. Және оларды қашан да қолдауға әзірміз», — деді Қ.Нүкенов.

Өз кезегінде, сөз алған «Biotrend energy» компаниясының басқарма төрағасы М.Аслан компанияның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде озық кәсіпорын екенін айтып, осы салада Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, төраға мақта қалдықтары мен қоқыстан полиэтилен өнімдерін, электр қуатын және табиғи газ шығаруға болатынын айтып, нақтырақ айтқанда, мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу туралы ұсынысын жеткізді.

Түркиялық инвесторлардың мәліметінше, 1 гектар мақта алқабынан 3 тонна мақта қалдығы шықса, одан 30-40 мВт электр қуатын өндіруге болады екен. Осыны ескерген мамандар «ақ алтын» егілетін Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарында мақта қалдығын қабылдап, оны өңдейтін екі зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл ретте, делегация жетекшісі әкімдік тарапынан жер телімін бөліп беру мен құжаттарды рәсімдеу жағынан қажетті қолдау көрсетуді сұрады.

Барша мәліметтерге қаныққан облыс әкімінің бірінші орынбасары инвесторларға әкімдік тарапынан тиісті қолдаулардың көрсетілетінін жеткізді. Жер телімін беруде мәселенің жоқтығын алға тартқан Қ.Нүкенов салық төлеу тұрғысынан да жеңілдіктердің болатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Biotrend energy» компаниясы халықаралық стандарттарға сәйкес таза қуат өндіруді мақсат тұтқан, іргетасы 2012 жылы құрылған энергетикалық кәсіпорын. Онда бүгінде 200-ден астам білікті қызметкерлер жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

БОЗАРЫҚТА 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Шымкентте 40 тұрғынның көптен күткен арманы орындалды. Әлеуметтік санаттағы азаматтарға арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Жылдар бойы баспана кезегінде тұрған...

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

АБАЙ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкентте «Абай сөзі –...

ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

КҮН САЙЫНҒЫ ЕРЛІК

Айғақ медиа
05.08.2026
0

Бір күн. Ондаған тапсырма. Жүздеген адамның қауіпсіздігі. Бұл – полиция қызметкерінің қалыпты жұмыс күні. Форманың ар жағында қандай жауапкершілік жатыр?...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.