• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бір күнде бірнеше нысан пайдалануға берілді

01.12.2018
0

Бүгін Республикамыздың түкпір-түкпірінде Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өтуде. Еліміз үшін ерекше орны бар бұл күнді отырарлықтар да жан-жақты атап өтті.
Осындай тақырыппен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қонақтар алдымен музей мен  аудандық орталық кітапхананың ұйытқы болуымен қойылған «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмені тамашалады. Шара барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов, әдебиетші Сағындық Қыдыр, тарихшы Бекжан Бейсенбай және музей қызметкерлері сөз алып Елбасының ел бірлігі, ұлттар татулығы жолында сіңірген еңбектері жайында кеңінен әңгімеледі.Сондай-ақ, «Ақбол» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кадрлардың кәсіби қызметінде технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын ескеріп аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып қатысып, құтықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде: «Құрметті семинарға қатысушылар, сіздерді бүгінгі айтулы мереке 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тұңғыш Президент күнін ерекшелігі сонда, ол — қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды.Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгел айту мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сондықтан бүгінгі семинардан осы бағытта мол тәжірибе алмасып, маңызы зор жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдемін»-деген аудан әкімі семинар жұмысына сәттілік тіледі.Мерекелік іс-шаралар Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан және эстафеталық ойындар жарысының ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жылы лебізін білдірді.Бүгінде ауданымызда осы бағытта түрлі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына бірнеше ашық спорт алаңшалары, Ақтөбе мен Аққұмда жабық спорт кешендері, Маяқұм, Көксарай, Темір ауыл округтерінде ашық спорт алаңдары ашылды. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануларына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын-деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.Мереке аясында ауданымызда Медиацияны дамыту орталығы  ашылды.Салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып ,бірыңғай қызмет көрсету орталығының ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады.Жиында  Шымкет қаласындағы медиацияны дамыту орталығының директоры Лаура Ақшегірова мен аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасовтар  сөз алып,  «Мамандардың айтуынша медиацияны қоғамда  қалыптастыру  маңызды істердің бірі болып табылады.Азаматтар дау-дамайдың оңай шешу жолдарын осы орталықтан таба алады.Ал еңбек, отбасылық,қаржылық дауларға душар болғандарға тәжірбиесі мен біліктілігі ұштасқан мамандар көмек қолын созады.Олардың қатарында заңгер мен психологтар бар.Орталықтың тағы бір тиімді тұсы өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға тегін қызмет көрсетеді» — деп көпшілікті ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және орталықтың ашылуымен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.Мерекелік іс-ашара Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде  «Мен Президентіммен мақтанамын» тақырыбында жалғасын тапты.  Еліміздің ынтымағы мен бірлігін берік сақтап, ел тізгінін ұстаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын кеңінен насихаттау, жас буындарға патриоттық тәрбие беру, өскелең ұрпақты отаншылдыққа,үлкенді құрмет тұтуға баулу мақсатындағы мерекелік шарада білім ордасының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын аша түсті.Мектеп фойэсіне  тұлғаның кітаптары  мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары  қойылып, Елбасымыздың жүріп өткен  жолдарынан сыр шертіп, өнегелі өмірі мен жемісті қызметіне арналған жинақтар да тамашаланды.Көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлаған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып,мерейлі мерекемен құттықтап,еліміздің ертенгі болашағы болып саналатын бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалады. Салтанатты шара барысында  ел Тәуелсіздігіне арналған арнайы бейнетаспаны тамашалаған көпшілік Тұңғыш Президентіміздің өткен өмір жолдарына тағы да бір мәрте қаныға түсті.
Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Елбасы – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Халқының қалауымен 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлауда басым дауыспен еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланған Елбасының өнегелі өмір жолдары мен жеткен жетістіктері оқушылардың арнау өлеңдеріне арқау болып, ет жүректі елжіретер патриоттық әндер шырқалған мазмұнды іс-шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, желкілдеп өсіп келе жатқан жас буынға Мемлекет басшысының ғибратты істерін үлгі-өнеге ете отырып, әсерлі әңгіме өрбітті.
«Кемеңгер   Елбасы  —  ырысы  елімнің»  атты мәдениет сарайындағы салтанатты жиын бүгінгі мазмұнды өткен барлық іс-шараларды қорытындылады.
Салтанатты жиын «Күн  бейнесі» би композициясымен басталып, ашық деп  жарияланған соң мемлекеттік Әнұран орындалды. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов отырарлықтарды мерекемен құттықтап, әр сала бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосқан қызметкерлер аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.