Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында Түркістан облысында бірқатар айтулы шаралар орын алды. Жуырда ғана жаңадан құрылған облыс бүгінде жаңа өзгерістерімен, жағымды жаңалықтарымен елді қуантып келеді. Еліміздің рухани орталығына айналған қаланы бүкіл облыс жұртшылығы жұмыла кірісіп, Түркістанды түлетуде мардымды жұмыстар атқаруда. Соның айғағы бүгінгі айтулы мерекеде орын алған тарихи сәт.
Жаңа облыста жаңаша леппен тойланып жатқан Тұңғыш Президент күні алғашқы шарасын игі бастамамен бастады. Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімшлік-іскерлік орталығының алғашқы капсуласы салынды. Халық қалаулылары мен қариялар тарихта қалар оқиғаның куәсі болып баталарын берді. Ендігі жерде 2020 жылы 50 000 шаршы метр жер рухани Астананың орталығына айналмақ.
«Айғақ-ақпарат.»