Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қазақстандағы Өзбекстан туризм жылының жабылуына орай бизнес-форум өтті
    Бас ақпарат

    Қазақстандағы Өзбекстан туризм жылының жабылуына орай бизнес-форум өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.11.2018571 Views

    Бүгін Қазақстандағы Өзбекстан туризмі жылының жабылуына оорай Шымкент қаласында бизнес-форум басталды. Форум екі елдің туризм саласындағы жемісті ынтымақтастығын қорытындылайды.Шараға UNESCO кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Дүниежүзілік туристік ұйымның Жібек жолын дамыту жобасының жетекшісі Алла Пересолова, Travel Hunter компаниясы бас директорының орынбасары Маргарита Полоник, экотуризм ақпараттық-ресурстық орталығының мүшесі Дагмар Шрайбер, сонымен қатар Жібек жолы мемлекеттері бизнес қауымдастығының өкілдері қатысып отыр.Форумға қатысушылар панельдік сессияларда Жібек жолы мемлекеттерінің өзара серіктестігі, соның ішінде Орталық-Азия аймағының Ресей мен Еуропа елдері нарықтарында турөнімдерді насихаттау мәселелерін талқылап, саланы дамыту жөніндегі шаралар жайын пысықтайды. Форумда Өзбекстанның Жібек жолы жобасы аясында туризмді дамыту тәжірибелері ортаға салынады. ОААЭЫ бағдарламасының өңірлік консультанты, Қазақстандағы Азия даму банкінің өкілі туризм саласында өңіраралық жобаларды дамытудың негізі ретінде Орталық Азиядағы экономикалық дәліз жобасы жайлы баяндайды. Форумның қорытынды бөлімінде Жібек жолы бойынша Жаңа трансшекаралық тур таныстырылды.

    Форум аясында «Ұлы Жібек жолы бойымен» фотокөрмесі өткізілді. Мұнда «Kazakh Tourisim» ҰК» АҚ ұйымдастырған фотобайқауға қатысқан кәсіби және әуесқой фотосуретшілердің жұмыстары қойылған. Форум қонақтары жергілікті халықтың бай мәдениеті мен тұрмыстық ерекшелігін, салт-дәстүрлері мен киелі орындарын, көне сәулет ескерткіштерін, жанға жайлы демалыс орындары мен Ұлы Жібек жолы бойындағы мемлекеттердің табиғаты бейнеленген суреттерді тамашалайды.

    Шараға Қазақстан мен Өзбекстанның кәссіби суретшілер қатысуда. Өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынған олар «Қазіргі замандағы Жібек жолы» тақырыбында көркем суреттен шеберлік сағатын өткізді.

    Тоғжан Нарбай.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.