Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ әлемдегі үздік инвестициялық алаңдардың қатарына енді.
Бұл туралы «FINANCIAL TIMES» газетінде жарияланды. Атақты басылымның еншілес «FDi Magazine» халықаралық журналы «Арнайы экономикалық аймақтар-2018» рейтингіне сүйеніп, өңірдегі алаңды 6 номинация бойынша әлемдегі үздік бизнес-платформа деп атаған. Журнал сарапшылары — «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясын тікелей шетелдік инвестиция тартуға, резидент кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастық орнатуға, өндіріс көлемін арттыруға, экспорт аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлгендігін ескерген. Сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бағыттарындағы жүргізілген жұмыс нәтижелерін жоғары бағалаған.
Әділет Ғайнуллаұлы, «Оңтүстік» АЭА басқарма төрағасы:
— Ең перспективный СЭЗ деген атаққа ие болып отырмыз. Одан бөлек тағы да 5 номинациямыз бар. FDI рейтингінің мақсаты бізге не береді? Ол біріншіден барлық батыс дүние жүзі бойынша десек болады, әлемдегі барша инвесторлар сол журналды бақылап отырады. Яғни қай мемлекетке инвестиция құйған дұрыс деп есептейтін журналдың рейтингісі бұл.
Дереккөз: 24.kz.