— Түркістан облысында білім саласындағы жемқорлықты жоятын «Sitcen» жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде оның ықпалымен сыбайлас жемқорлықтың орын алуы 65 % төмендеген. Яғни, жұмысқа қабылдану, баланы мектепке тіркеу және балабақша кезегіне қою қызметінің барлығы да электронды түрде іске асырылуда. Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 маман өзі қалаған жұмысқа орналасқан. «Цифрлі Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл жобаларды алғашқы болып қолданушы өңір Түркістан облысы.
— Шымкент қаласының ағылшын тілі мұғалімдері бас қосты. Үлкен жиында «Ағылшын тілін оқытудағы коммуникативтік тәсілдер: мұғалімдердің әдістемелік құзіреттілігін дамыту» тақырыбы талқыға түсті. Сондай-ақ, конференцияға тәжірбие алмасу мақсатында арнайы Америка Құрама Штаттарының мұғалімдері шақыртылған. Жиын барысында біліктілікті арттырудың түрлі тәсілдері көрсетілді.
— Бүгін «Менің атаулы ағашым» атты сенбілік-акциясы өтті. Аталмыш акцияның қарсаңында «Қошқар ата» өзенінің жағалауына 1000-ға жуық ағаш отырғызылды. Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы мен экологиялық орталықтың ұйымдастырылуымен өткен шараға 300-ге тарта адам қатысты. Аталмыш акцияда мектеп оқушылары мен студенттер де бар.
– Шымкент қаласының Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан №4 балалар үйі жуырда құрылымдық өзгерістерге байланысты қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қарауына өтті. Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 80 бала тәрбиеленіп жатқан мекеменің, басты мақсаты жасөспірімдерге сапалы білім және саналы тәрбие беру болып табылады. Міне, осы мақсатты жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс жасап келе жатқан мекеме тәрбиеленушілерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Айта кетейік, биыл ҰБТ-ге қатысқан балалар үйінің сегіз түлегі мемлекеттік грант иегері атанған.
— Еліміздегі музыкалық білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі «Шымкент саз колледжіне» — 60 жыл. Бүгінге дейін талай жастың өнеріне қанат бітірген білім ордасының құрметіне орый мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты шараға аталған оқу орынынан түлеп ұшып бүгінде қазақ сахнасына өзіндік қолтаңбасын қалдырған өнер майталмандары да қатысты. Бұл күні шығармашылығымен белсенділік шыңына жеткен оқу орталығының ұстаздары қала басшылығының алғысына бөленді.
— Шымкент қаласына тұңғыш рет табан тіреген Ресейдің әйгілі «Запашныйлар» циркі қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа бағдарламасын ұсынды. Цирк ұжымының 2-қазан күнгі алғашқы қойылымы қайрымдылыққа арналды. Премьераға балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері және тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалар шақырылды. Түрлі жыртқыш аңдармен бірлесе орындалған шоу-бағдарлама көрермендерді баурап алды.
-Сейдіғани Сейджалалов 93 жасында 5 ұрпақтың қызығына бөленіп отырған төлебилік ақсақал. 19 жасында отау иесі болған қазыналы қария бүгінге дейін 311 перзенттің ардақты атасы атанып үлгерді.