Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Назарбаев «өзге елдердің соңында сүйретілмеуге» шақырды
    Айғақ MEDIA

    Назарбаев «өзге елдердің соңында сүйретілмеуге» шақырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.11.2018241 Views
    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі озық технологияларды дамыту үшін қазақстандықтарды күш біріктіруге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. IT-стартаптардың халықаралық технопаркі Astana Hub ашылуында Назарбаев инновацияны дамытуға баршаны белсенді қатысуға шақырып, Astana Hub әлемдік танымалдық жолында трамплинге айналатынына үміт артатынын айтты. «Сіздермен бірге күшімізді біріктіріп, барлық қойылған мақсатымызға жылдам әрі тиімді жетеміз деп сенемін. Ал мақсатымыз айқын, белгілі. Бірақ біз, қазақстандықтар, бүкіл әлемнен қалыспауымыз керек, біз қазір жылдам жылжып келе жатқан бұл пойызға секірмесек, өзге елдердің соңында сүйретіліп жүреміз, Кеңес Одағы әрдайым сондай болған еді, біз одан да нашар боламыз. Біз оны қаламаймыз. Қазақстан — бүгінде посткеңестік кеңістіктегі реформалардың шапшаңдығы, жан басына шаққанда экономиканың дамуы мен көлемі бойынша озық мемлекет. Бізде барлық мүмкіндік бар, қаржы және техникалық, білім беру, осыны қолға алайық, біздің жастар елімізді жаңа технологиялар дәуіріне, озық дәстүрге жетелейді деп үміттенемін», — деді Мемлекет басшысы. Президент технопарк қатысушыларының жеңілдетілген визаларды, еңбек тәртібін қолдана алатынын және оларға салықтық және өзге де жеңілдіктердің берілетінін айтты. Astana Hub базасында менторлық институт құрылды. «EXPO болмағанда мына ғимараттар да болмайтын еді. Мен стартаптарды дамыту үшін арнайы үлкен корпус тұрғызбақшы едім. Бірақ енді біз елімізде сәтті өткен EXPO көрмесінен кейін дайын ғимараттарды қолдана аламыз. Негізгі міндет — ақылды, талантты, қолынан іс келетін жастарға қолдау көрсетіп, көмектесу. Біз барлық жағынан жеке бастамаларға қолдау көрсетеміз, бағдарламалау мектептеріне, роботтехника мен киберспорт бойынша олимпиадаларға», — деді Президент.
    Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.