Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші Тараз төрінде
    Бас ақпарат

    Жыр алыбы Жамбылдың ескерткіші Тараз төрінде

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.20181 729 Views
    Тараз қаласы тарихи оқиғаларға бай көне қалалардың бірі. Тарихы мол қала бүгінде Жамбыл облысының орталығы. Қойнауы қазынаға толы шаһар бұл.
    Тасын түртсең тарихы сөйлейтін бұл қаланың бүгін «Қала күні» мерекесі тойлануда. Думандатып тойланып жатқан мереке қарсаңында 20 нысанның тұсауы кесілуде. Соның бірі, мерекеге орай облыс әкімдігі ғимаратының алдында  жыр алыбы — Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.
    Тарих пен дастанға, шежіре мен аңызға толы, тоғыз жолдың тоғыстырған киелі Тараз өлкесінен талай танымал тұлғалар шыққан. Солардың ішінде Жамбыл Жабаевтың орны ерекше. Облыстың есімін еншілеп жатқан жыр алыбына арналған ескерткіш қаланың ең бір маңызды, көрнекті жерінен бой көтеруі тағылымды іс.
    Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні — бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» — деп атап өткен болатын.
    «Туған жер» жобасы және «Рухани қазына» бағдарламасы аясында Тараздың төрінен орын алған, Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылуына Тараз облыстық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы қатысты.
    Олар Жамбыл — қазақтың ақындық өнерінің қазанында қайнап, ежелгі ауыз әдебиетінің кәусарымен сусындап, ақындық, жыраулық дәстүрдің ХХ ғасырдағы туын биікке көтерген ұлы жырау екендігін, еңселі ескерткіштің облыс орталығынан орын алғаны ғибратты іс болғанын тілге тиек етті.
    «Айғақ-ақпарат».
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.