Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Тараздағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ қайта жаңғыртылды
    Бас ақпарат

    Тараздағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ қайта жаңғыртылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.20181 838 Views

    Тарихқа тұнған шаһардың басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен Әулиеата өңірінің тумасы, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ қайта жаңғыртылды. Саябақты жаңғыртудағы Асқар Исабекұлының мақсаты «Желтоқсан» құрбандарына құрмет көрсетіп, Тәуелсіздік жолына із салғандарды өскелең ұрпаққа жеткізу. Жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін күшейте түсу.

    Саябақтың жалпы аумағы — 6,5 га.

    Саябақтың ескі жобасында Қайрат Рысқұлбековтың тек бюсті ғана болса, бүгінде оның орнына халық қаһарманының толықтай ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің биіктігі — 2,8 метр.

    Сонымен қатар, саябақ алдына батырдың есімі жазылған маңдайшамен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге де ұлы тұлғалардың Тәуелсіздікке жету жолындағы айтылған, ел рухын  көтеретін дәйекті сөздері жазылған тақталар қойылған.

    Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасының тарихынан сыр шертер «Желтоқсан-86» орталығы ашылды. Аталмыш орталықтың жалпы аумағы 280 шаршы метр. Тарихи орталықта халық батырының жеке заттары мен оқиғаға қатысты құнды деректер жинақталған бұрыш, Жамбыл облысынан қатысқан жастар туралы деректер және белгілі тұлғалардың жазбалары мен БАҚ материалдарынан құралған көрме орналастырылған.

    Ұлттық құндылықтармен толысқан саябақта «Тәуелсіздік ұшқыны» стелласы орнатылған аллея ашылды.

    Архитектуралық элементтің ені 4,4 метр, биіктігі — 4,6 метрді құрайды. Ондағы алау оты жалындаған жастардың Тәуелсіздікке деген ұмтылысын, ерік-жігерін білдіріп тұрғандай-ақ.

    Негізгі идеялық мазмұны — қазақ жастарының азаматтық намысы мен жігерінен бастау алған қозғалыстың нәтижесінде Тәуелсіз ел құрылғанын бейнелеу.

     

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.