Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.10.2018283 Views
    Түркістан облысы әкімдігі мен «Turkestan Invest» мекемесі бірлесіп жалпы құны 615 млн. АҚШ долларын құрайтын 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоспар іс жүзінде орындалса, өңірде 3 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының өңірлік директоры Дәулетқожа Мамыров мәлімдеді.
    Оның сөзінше, жыл соңына дейін құны 47,5 млн. АҚШ долларды құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде жаңадан 500-ге жуық жұмыс орны пайда болады.
    «Бүгінгі күнге дейін түрлі салаларда 50 бизнес план жасалған. Оның ішінде 4 жоба облысымызға тиесілі. Олардың қатарында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт, түйе сүтінен өнімдер өндіретін кәсіпорын және алюминий және пластмассалық бұйымдарын шығаратын өндіріс орны бар. Одан бөлек, қосымша 10-ға жуық шетелдік инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Айта кететін жәйт көптеген шетелдік компаниялар біздің өңірімізге келіп, жұмыс істеуге ерекше қызығушылық танытып отыр», — Дәулетқожа Мамыров.
    Сараптамалық зерттеулер нәтижесінде әлемнің дамыған 36 елі инвестиция құюға әлеуетті екені анықталған. Алайда, іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ сияқты елдерге басымдық берілген. Қазіргі таңда аталған елдерде қаржы көздерін тарту бойынша «KAZAKH INVEST» өкілдіктері мен елшілердің арнайы инвестиция бойынша кеңесшілері жұмыс істеуде.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі .
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.