Сәрсенбінің сәтінде ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті. Мақсат — Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын халыққа түсіндіріп, насихаттау. Халық қалаулыларымен жүздескен тұрғындар аудандағы өзекті мәселелерді айтып, Жолдауға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ
Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...










