Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Шардарадағы балық зауытының жұмысы қарышты дамып келеді
    Бас ақпарат

    Шардарадағы балық зауытының жұмысы қарышты дамып келеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.10.20181 464 Views

    Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов Шардара қаласындағы балық шаруашылығының жұмысымен танысты. Бүгінде еліміздің барлық аумақтарынан бөлек жақын және алыс жерлеріне өнімдерін экспорттап отырған шаруашылық өндірісін одан әрі дамытуды көздеп отыр. Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстарды да баяндап берді.

    «Хамит» СТК-і балық өңдеу зауыты Шардара су қоймасындағы табиғат пайдаланушы балық аулау кәсіпорындары негізінде 2006 жылы құрылған. Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорын базасында филе, кептірілген, тұздалған балықты өңдеу және дайындау, қалдықсыз өндірісті қолға алу мақсатында балық сүйегінен ұнтақталған жем дайындау цехтары жұмыс жасауда.

    Үш цехта екі ауысымда (смена) 220 адам жұмыспен қамтылған. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атыраудан, Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде.

    Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу жоспарланған.

    Балық зауытының басшысы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бахытжан Серманизов жұмыс барысында мейлінше жаңа технологияны қолдануды мақсат еткен.

    Есесіне қызметкерлердің де қолайлы жағдайын жасап отыр. Балық шаруашылығындағы басты жетістіктермен бұл күні облыстық мәслихаттың депутаты, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Дулат Әбіш те танысып шықты.

    «Айғақ-ақпарат»

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ФУТБОЛ АЛАҢЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ БӘСЕКЕ

    18.11.2026

    СМАРТФОННАН АЛЫСТАТҚАН ЗИЯТКЕРЛІК ДОДА

    18.11.2026

    КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КІЛТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.