«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының бұйрығымен Бахыт Басымбек Шымкент қалалық филиалының директоры болып тағайындалды.
Басымбек Бахыт Мүсірәліұлы 1984 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2005 жылы Қазпотребсоюз Шымкент экономикалық колледжін бітіріп, Алматы гуманитарлық-техникалық үниверситетінде оқуын жалғастырған.
Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бөлімінің Сарыағаш аудандық филиалының бас маманы қызметінен бастап, 2006-2016 жылдары осы орталықтың облыстық филиалында бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалының «Әлеуметтік төлемдер ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры, директордың орынбасары болды.
2018 жылғы 1 қазанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.
Бахыт Басымбек «Азаматтарға арналған үкіметтің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.