Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Дариға Назарбаева: Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысында кемшілік бар
    Бас ақпарат

    Дариға Назарбаева: Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысында кемшілік бар

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2018403 Views

    Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысында кемшіліктер бар. Бұл туралы бүгін «Jas qalam» форумының ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Әрбір министрліктің, әкімдіктің жанында баспасөз қызметті бар. Бірақ, өкінішке орай кәсіби дағдылары жеткіліксіз немесе уақыттары жете бермейді. Бұл жұмыстарға қазір үш деген баға қоюға болады, ондай проблема бар. Теледидар алдында отырған қарапайым көрермен министр девальвация, инфляция, нарықтағы құбылмалылық, таргеттеу жайында айтып жатса не түсіне алады? Мұның барлығы да шетелдік сәнді әдемі сөздері», — деді форум аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген сенатор.
    Оның айтуынша, мұндай кәсіби тіл шағын аудиториямен жұмыс істеген кезде қажет.

    «Бірақ, дәрігер, мұғалім, зейнеткер, мектеп оқушысы, студент бар кең аудиториямен басқа тілде сөйлескен жөн», — деді Дариға Назарбаева.
    Сонымен қатар ол Парламентке келетін кейбір шенеуніктердің заңды қарапайым тілмен түсінікті жеткізе алмайтындығын да баса айтты.
    Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дариға Назарбаева қазіргі таңда журналистика көп қызығушылық танытылатын мамандықтардың бірі екендігін айтқан болатын.
    Сондай-ақ ол бүгінгі журналистер шенеуніктердің «құс тілін» жалпы бұқараға жеткізе білулері керектігін атап өтті.
    Ал ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мықты журналист болу үшін көп ізденіс, тәжірибе қажет екендігін атап өткен еді.
    Айта кетейік, қазақстандық журналистиканы дамытуға жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Jas qalam» жобасына 100-ден астам журналист қатысуда. Олардың қатарында журналистермен қатар журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын жастар да бар.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.