ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
1946 жылдың 28-ші қыркүйегі күні дүниеге Оралхан Бөкей келген. Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай елді мекенінде. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір рухы мықты, жаны таза адам болыпты. Ал, анасы Күлия аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі екен. Жазушы дүниеге келген кез сұрапыл соғыс жылдары еді. Әкесі еңбек майданының даласына кеткен. Сондықтан асыл анасы ырымдап сәбидің есімін Оралхан деп қояды. Алтай тауынының етегінде балалық шағы өткен жазушы өзінің туған жерін шексіз сүйгеннің бірегейі. Небір жауһар туындыларын парақтап ашсаңыз Қатонның табиғатын, тамаша келбетін керемет суреттеген. Жазушының туған жеріне барғанда сол көрініс көз алдымыздан өтті.
Мұзтаудың мұзбалағына айналған Оралхан Бөкей Шыңғыстайдағы білім ұясынан қанаттанған. Ең көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров білім берген Сәрсен Аманжолов, Дидахмет Әшімханов, Әлібек Асқаров секілді танымал тұлғалар түлеп ұшқан тарихи мектепте Оралхан Бөкейде оқыған. Мәдени шаңырақ бүгінде музейге айналып, өткен ғасырдың стиліндегі сынып ретінде жабдықталыпты.
Оралхан Бөкей жырлаған сол Алтай көз тартар табиғат, қатал мінезді ауа-райы өзгермеген. Дүбірі бөлек дүлдүл өзі шексіз сүйген осы табиғатқа ұқсайтындай. Алтайдай асқақ, оқжетпес биік, өзендердей тасқын, шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді. Ғажайып нәзік суреткердің туған жері алтын бесігінде жүрсеңіз расымен демаласыз. Таңдай қағып таңырқап, кейіпкерлерін іздеуге асығасыз. Шырайлы Шыңғыстай жеріне барғанда біздің арнаның шығармашылық ұжымы міндетті түрде досы Нұрлан Әкімбаевты іздейді. Бұл жолыда сол бағыттан таймадық. Шаңырағына барып Оралхан Бөкей туралы бұрын-сонды естімеген тағы бір естелікке куә болдық. Ораш деген үнінен айнымас адал досы, бала күнгі серігіне деген шексіз сағынышы сезіледі. Тай құлындай тебісіп өскен құрдастардың арасында түрлі қызықтар болған. Оралхан Бөкей алғаш шаңырақ көтеріп, үлкен өмірдің айдынына аттанғанда жанжолдасы болғанда осы Нұрлан атамыз. Көкірегі сарғайған сағынышқа толған қарияның сезімін сәл сейілту үшін әңгімелесіп, сөзіне құлақ астық.
«Бұл жалғанда мәңгілік не бар дейсің? Өтеді-кетеді. Атақ, даңқ, дәулет пен бақыт осының қай-қайсысы да жыл құсы секілді. Басына күн орнап, жаның жылыңғанда ғана ұя салады. Базарың тарқап, күздің суық желі ессе, пыр етіп ұшады да, өзгенің талайына барып қонар». Керемет жазылған бұл ой Оралхан Бөкейдіңкі. Қаламгер туралы тарихи естеліктерді естіп, туған жерінде жүрген сәтте тағы бір туысына жолықтық.
Оралхан Бөкейдің әр сөзі адамға ой салып, ақылға жетелейді. Мәселен, «Мықтылық дегеніміз – әдемі тұрмыс құрып, бақытты ғұмыр кешу емес. Қоржын арқалап жүрсеңде, адамдығыңды жоғалтпау» дейді. Осындай ойлы жазушы Алтайда дүниеге келіп, Алатауда шығармашылығын шыңдап, Гималайда көз жұмды. Алматы қаласындағы «Кеңсай» зиратына тау тұлғалармен қатар жерленген. 75 жылдығы қарсаңында «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымы рухына құран бағыштап қайтты.
Бағлан БайкөбекқызыСалмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....
Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...
Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...
Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.