18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы мәселелері бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінде өтетін отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің «Серпін» жобасы бойынша айтқан мәліметтері министріліктің интернет-ресурсында жарияланған.
Е.Сағадиевтің айтуынша 2014 жылдан бастап «Серпін» жобасы іске асуда.
Қазіргі таңда Серпін жобасы аясында 9 облыстағы 26 ЖОО-да он екі жарым мың студент және 7 регионда отыз жеті колледжде 2 мың 300 студент білім алуда.
Жалпы, аталған жоба жастар, әсіресе, әлеуметтік статусы төмен отбасындағы жастар арасында үлкен қызығушылық туғызуда және олар-дың кәсіби дамуына әлеуметтік лифт болып табылады.
Бірақ та, осы Жоба бітірушілеріне жұмысқа орналасуда кепілді орынның болмауы –проблемалық мәселенің бірі.
Осы мақсатта Министрлік «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап-пай кәсіпкерлікті дамытудың төрт жылға арналған мемлекеттік программасының жобасына оқу орындарын бітірген Жоба бітірушілерін еңбек күші аз региондарға міндетті түрде жұмысқа орналасу бойынша норма енгізді.
Жоба аясында бітірушілерді жұмыспен қамту үш жақты келісімге сәйкес жүзеге асады, яғни шарт білім беру ұйымы, жұмыс беруші мен білім алушы арасында жасалады.
Жастарды бөлу, оларға жұмысқа тұруға жолдама беру және жұмысқа орналасу білім беру ұйымдарының бағыттарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасауға тиіс.
Одан басқа, Бюджет кодексіне сәйкес Серпін жобасына көзделген қаржы 2019 жылдан бастап республикалық бюджет-тен трансферт ретінде акиматтар бюджетіне беріледі.
Дайындаған: Айдар Дидар