18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасы мәселелері бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінде өтетін отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің «Серпін» жобасы бойынша айтқан мәліметтері министріліктің интернет-ресурсында жарияланған.
2017 жылдан бастап баршаға арналған тегін техникалық-кәсіптік білім жобасы іске асуда. Осы жобаға сәйкес барлық ниет білдірушілердің тегін кәсіпті алуға мүмкіндігі бар.
Жоба шеңберінде колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 54%-ға дейін көбейді.
Бұл соңғы 5 жылдан бері жыл сайын қысқарып жатқан колледждер санының келеңсіз трендін тоқтатуға жағдай жасады.
Одан басқа, дуальды оқытуды енгізу бойынша жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр. Дуальды оқыту 460 колледжге енгізілді, оған 3 мынан астам кәсіпорын қатысады. Дуальды оқыту бойынша 31 мың студент білім алуда.
Практика дуальды оқытудың жастарды жұмыспен қатамасыз етуде тиімді екенін көрсетіп отыр.
Ол үшін кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында Министрлік-пен жан басына қаржыландыру аясында дуальды оқытуға қатысатын компанияларға төленетін ақша көзделген.
Министрлік техникалықкәсіптік білім жүйесіне жастарды тарту мақсатында Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic-ке ұқсас құзырет орталықтарын құру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Бұл мәселе бойынша осы жылы акиматтардың және жұмыс берушілердің қатысуымен әр сала бойынша озық колледж-дер арасынан іріктеу жұмысы жүргізілді.
Осындай орталықтарды құру үшін Министрлік акиматтармен бірлесіп, 5 құзырет орталығын пилотты режимде іске қосу мәселесін пысықтап жатыр.
Дайындаған: Айдар Дидар