Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан жаңа сандық форматқа көшу үдерісінен тыс қалмауы керек — Елбасы
    Жаңалықтар

    Қазақстан жаңа сандық форматқа көшу үдерісінен тыс қалмауы керек — Елбасы

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.09.2018408 Views

    Астанадағы EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өтіп жатыр. Шара барасында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Машина жасау экономиканың негізгі салаларының бірі. Мемлекет бұл бағыттың орнықты дамуы үшін барынша қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды.

    Биылғы форумның негізгі идеясы машина жасау саласындағы төртінші өнеркәсіптік революция, жаһандық технологиялық прогрестің қазіргі болмысына сәйкес келеді. Машина жасау ісі қарқынды дамып, жүргізушісі жоқ автокөліктер, роботтандырылған зауыттар және сутегі отынымен жүретін машиналар бүгінде озық елдер үшін үйреншікті құбылысқа айналды», — делінген Елбасының сөзінде.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүкіл әлем жаңа сандық форматқа көшіп жатқанын, Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалмауы керек екенін қадап айтты. «Машина жасау саласын дамытудың 2019-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары форумда талқыланатын маңызды тақырыптардың бірі болмақ.

    Жаһандық технологиялық үдерістерге сай өндірісте жаңғыртуды көздейтін аталған бағдарламалық құжат саланы дамытудың стратегиялық бағдарын айқындайды. Іс-шара аясында нәтижелі пікірталас болып, осы салада өзекті мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар әзірленеді деп сенемін», — деді Н. Назарбаев.

    Айта кетейік, форум «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтіп жатыр. Форумда тек машина жасау саласының ғана өзекті мәселелері емес, сонымен қатар барлық өңдеу өнеркәсібінің ірі жүйелі проблемалары талқыланады.

    Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бес жылдығын іске асыру жылдарында машина жасау саласы еліміздегі ең қарқынды дамыған салалардың бірі болды. Өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін, яғни 2,3 есеге ұлғайды.

    Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасаудың үлесі 9,7 пайыздан 14,8 пайызға дейін өсті. 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асып, өсім 13,8 пайызды құрады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.