• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Тамыз 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Саранда Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы іске қосылады

20.09.2018
0

Жыл соңында Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы іске қосылады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов күн паркінің аумағын көрді. — Қазіргі таңда компания бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші нысан — күн паркінің құрылысы, екінші нысан — 100-30-30 қосалқы стансаның құрылысы.

Нәтижесінде олар қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясына біріктіріледі

. Бұған қоса тағы үш жоба бар. Ол «Қарағанды Жарық» ЖШС жүргізетін 110 КВт электр желілерін, ВЭЛ-35 жоғары вольттық желі мен Ару-110 желісін қалыпқа келтіру. Бұл жобалар бізге станса желіге қосылып, электр қуатын шығаруға, оны ұлттық электр желілеріне тарату үшін қажет, — деп мәлімдеді аймақ басшысына «SESSaran» ЖШС бас директоры Евгений Гребенников.

Оның айтуынша, инвестициялардың жалпы сомасы 988 млн теңгені құрады. — Қазір бағаналық алқаптарды қағу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, оның 60%-ы орындалды. Металл құрылыстарын жинау жүргізілуде, алдағы күндері біз күн панельдерін орнатуды толықтай бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Күн паркінің аумағы 20 инвекторлық қосымша стансаларды орнатуды қарастырады, олар электр қуатын тұрақты тоқтан ауыспалыға айналдыратын болады.

Сондай-ақ желінің жағдайы туралы ақпаратты жинақтап, күн сайын мониторинг жүргізеді. Бұл «Смартгин» соңғы буынды өте ақылды машиналар. Мысалы, егер қандай да бір бөлшек бұзылатын болса, ол жайлы ақпарат қоймаға автоматты түрде жеткізіледі. Ол өздігінен жаңа бөлшекке тапсырыс бере алады, яғни барлық процесс толығымен автоматтандырылған.

Бұл машиналарды да біз жақын арада орнатамыз. Біздің басты мақсатымыз — қазанның соңына дейін күн паркінің аумағында құрылыс-орнату жұмыстарын аяқтау және қарашада іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау.

Қосымша стансада біз аптаның соңына қарай күш беретін трансформатордың жеткізілуін күтіп отырмыз, ол біздің стансаның жүрегі болып табылады. Жұмыстар мерзімге сай жүріп жатыр. Біз барлық жоспарларды орындауға тырысудамыз және жыл соңына дейін стансаның іске қосылуы үшін бар күшімізді салудамыз, — деді Евгений Гребенников.

Аймақ басшысын инвесторларда жұмыс барысында мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста қандай да бір қиындықтар туындай ма деген мәселе қызықтырды. — Біз бұл алаңды қазақстандық климаттық жағдай күн электр стансасы үшін барынша тиімді болады деп есептегендіктен таңдадық. Мұндағы локация жақсы, өте тегіс алқап, құрылысқа ыңғайлы жер, — деп атап өтті бас инвестор «Solamet/GoldbekSolar» бас директоры Йоахим Голдбек.- Осы сәтке дейін инвестицияланған барлық қаражат — менің жекеменшік қаржым. Инвестициялар сенімділікті талап етеді. Мен осылайша өзімнің сенімділігімді көрсеттім деп ойлаймын.

Ешқандай қиындықтар туындаған жоқ, барлығы жоспар бойынша жүруде, мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерін көріп жатырмыз. Және де жергілікті билік, Қарағанды облысы әкімдігі, барлық мүдделі министрліктер, «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясына көрсетіп жатқан қолдауларыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Келешекте біз Қазақстанда тағы да қосымша жобаларға инвестиция саламыз, -дейді ол. Йоахим Голдбектің сөзіне сүйенсек, барлық электр қуаты «SES Saran» ЖШС және «KEGOC» компаниясының есеп-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшартқа сай тұрақты бағамен сатылатын болады. Мұндай станса 30 жылдан астам уақыт қызмет етеді, ал электр қуатының құны бір деңгейде қалады.

Сондай-ақ инвестор жоба аяқталған соң әрі қарай Саранға қолдау көрсетуді көздеп отырғанын жеткізді. — Өткен жылы біз қаланы қолдау бойынша бірнеше міндеттемелер алдық жәнеде оларды толығымен орындаймыз, оның ішінде шеттегі жобалар да бар, — деп атап өтті Йоахим Голдбек. Ерлан Қошанов жобаны іске қосуды желтоқсанда болатын Индустрияландыру күніне орайластыруды ұсынды. — Жуырда біздің аймақта жұмыс сапарымен Елбасы болып қайтты, біз оған осы жоба туралы мәлімдедік.

Президент мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуді тапсырды, және де біз сол тапсырманы орындап жатырмыз деп ойлаймын. Бәріміз жобаны желтоқсанда аяқтау үшін күш салып, стансаның ашылуын Индустрияландыру күніне орайластыруымыз керек. Жұмыстардың мерзімге сай аяқталуына барлығымыз да қызығушылық танытудамыз, себебі бұл осы жылдың ең ірі инвестициялық жобалардың бірі, — деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Сарандағы қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасының құрылысы 2017 жылы 7 маусымында басталған болатын. Кәсіпорын осы секілді стансалар арасында Орталық Азия бойынша ең ірісі болмақ.

Ол 160 гектар аумақты алады, онда 370 мыңнан астам фотоволтаикалық панельдер орнатылады, олар күн энергиясын электр қуатына айналдырып отырады.

Жоба Еуропалық одақтың өкілдері Яна Зонненшайнның (Чехия), Арнольд Беренстің (Германия) және Душан Подгорски (Словакия) бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Базалық серіктестер «Шнайдер Электрик» және «Грасс Инжиниринг» (Германия) компаниялары болып табылады.

Жобаның құны 139,5 миллион еуроны құрайды, бір жылдық жобалық қуаттылығы — 145 млн. кВт/с, 4,9 млрд. теңге.

 inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.