• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік журналистер: Түркістан — Қазақстанның «жасырын қалған жауһары»

19.09.2018
0

 ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан ұйымдастырылған пресс-тур аясында 8 шетелдік журналист Түркістанда болды.

Солардың бірі, индонезиялық «Indonesia Tatler» басылымының журналисі Ливиани Синтияна Түркістан — Қазақстанның «жасырын қалған жауһары» деп есептейді.

Сапар барысында шетелдік «The Calvert Journal» (Ұлыбритания), «Saga Magazine» (Ұлыбритания), «AGIR» (Италия), «Agora Vox le media» (Франция), «Turystyka» (Польша), Global Times» (Қытай), «Indonesia Tatler» (Индонезия), «International Policy Digest» (Корея) тілшілері Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениетіне, сондай-ақ туризмді дамыту мәселелеріне баса назар аударды. Журналистер саяхатының бағдарламасы Астана, Алматы және Түркістан қалаларының мәдени және тарихи мекемелерін, тарихи ескерткіштер мен басты туристік көрікті жерлеріне сапар жасауды қамтиды. Астанада журналистерге арнап қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мәдениеті мен модерн элементтері үйлескен бағдарлама әзірленді.

Олардың айтуынша, Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінің қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында орындаған күйлері мен әндері ұмытылмас әсер қалдырды. «Астана Опера» театрында опералық әншілер мен театр оркестрінің дайындықтарын ерекше ықыласпен бақылады.

«Ballet Academy» Қазақ ұлттық хореография академиясында балеттегі жас әртістердің өнерін тамашалады. Сондай-ақ «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің қазақстандық павильонын, Ұлттық музей мен «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығын аралады.

Түркістанға сапар барысында журналистер ежелгі Отырар қаласы, Қожа Ахмет Ясауи, Гаухар ана кесенесі және т.б. тарихи және мәдени мұра нысандарын аралады.

Сапар аясында оларды Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдап, Түркістан қаласының ерекше орны мен аймақтың дамуы туралы ежгей-тегжейлі айтып берді. Меймандар үшін қазақ халқының тұрмысы мен салтын көрсететін арнайы мәдени-ағартушылық бағдарлама дайындалды.

Ал Алматыға сапар кезінде Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейін аралап, ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енген мәдени мұраның элементтерімен танысты, дәстүрлі музыканың Мультимедиялық орталығы мен «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының қызметін көрді. Сондай-ақ, журналистер Шарын каньоны, Шымбұлақ және Көктөбе секілді көрікті жерлерде болып қайтты.

Индонезиялық журналист Л. Синтиана үшін пресс-турдың ең есте қаларлық сәті Түркістанға сапар болғанын айтпа кеткен жөн. «Мен барлық достарымды және отандастарымды бұл өте керемет және аса қонақжай адамдары бар ежелгі қалаға сапар шегуге міндетті түрде шақыратын боламын», — деп атап өтті ол.

Польшадан келген журналист Анна Клоссовска Қазақстанда өткізген әрбір күн тосын сыйға толы болғандығын жеткізді. «Мен өзім үшін бұл көпэтникалық халықтың бай және сан алуан мәдениеті мен салт-дәстүрін аштым.

Батыстың БАҚ-тары Астананы Дубаимен салыстырып жатады, алайда мен Астана тек заманауи ғимараттар емес екендігін айтқым келеді. Қаланың өзіндік рухы бар, ол ұлттық нақыштағы дизайнмен көркемделген фасадтарда көрініс табады», — деп атап өтті ол. «The Calvert Journal» атты британдық басылымның журналисі Надя Берд бұл пресс-турды елдің мәдениеті және тарихи мұрасымен танысу үшін тамаша мүмкіндік болғандығын атап өтті

. «Бұл сапар барысында біз қазақстандық халықтың тек мәдениетінің алуандығына емес, сонымен қатар сан алуан табиғаты мен сәулетіне куә болдық. Жалпы айтқанда жаңаны, ескіні және дәстүрлі заттарды көрген керемет болды деп ойлаймын», — деп ағынан ақтарылды британдық журналист.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты жоба аясында жүзеге асырылған үшінші пресс-тур, сондай-ақ туризмді дамытуға және жалпы Қазақстанның серпінді түрде дамып отырған мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыруға бағытталған.

 inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.