Түркістан облысы Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырыста 7 мәселе қаралды. Оның ішінде облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Темірханның «Түркістан» облысының әкімшлік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы ұсынысы қаралды.
Осы бірлескен қаулы мен шешімнің жобасында Түркістан қаласы бойынша «Шорнақ ауылдық округінің «32-Разъезд» елді мекені – Қарсақты елді мекені болып және Жібек жолы ауылдық округінің «30-Разъезд» елді мекені – Ескі Сауран елді мекені болып қайта аталсын» деп көрсетілген.
Аталған ұсынысты Қоғамдық Кеңестің мүшелері жан-жақты талқылап, әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің жобасы Кеңес мүшелерінің тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Қоғамдық Кеңестің келісімімен «32-Разъезд» елді мекенінің атауы Қарсақты елді мекені болып және «30-Разъезд» елді мекенінің атауы Ескі Сауран елді мекені болып өзгертіледі.
Дайындаған: Айдар Дидар.