• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 10, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның жетістіктерін мақтаныш тұтамыз — Өзбекстан елшісі

18.09.2018
0

 Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Астанада елшінің арнайы қабылдауы өтті.

«Ең алдымен Өзбекстан республикасының тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Өзбекстан халқына жолдаған шын жүректен құттықтауы үшін Қазастан Республикасының жоғары мәртебелі Президентіне алғысымды білдіргім келеді.

Сондай-ақ барша қонақтарға біздің шақыруымызды қабылдап, бүгінгі іс-шараға қатысқандарыңызға рақмет», — деп бастады өз сөзін Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев.

Көрші өзбек мемлекеті тарихи аз уақыт кезеңінде тәуелсіз мемлекетті құруда және адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен ұлттық мемлекеттілікті және рухани құндылықтарды жандандыру арқылы әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болғанын айта кеткен жөн.

Елші мырза өз сөзінде Өзбекстан елінің жақын елдерге қатысты ашық, достық және прагматикалық саясат жүргізуде екенін атап өтті. «Бұл тұрғыда Қазақстанмен достық және жақсы көршілестікке негізделген тату қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз.

Сонымен қатар Қазақстан басшысының саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін мақтаныш тұтамыз», — деді ол.

Тағы бір айта кетерлігі, екі ел арасындағы тауар айналымының жоғары қарқыны сақталуда. Одан бөлек ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтуде.

Оған дәлел үстіміздегі жылдың мамыр айында Шымкентте қазақ — өзбек іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Аталған кеңестің нәтижесінде екі елдің іскер топтары өкілдерінің арасында белсенді байланыс орнап, Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлер әйелдері арасында ынтымақтастық жанданды. «Екі ел арасындағы өзара байланыс пен ашықтық екі мемлекеттің әлеуетін біріктіру болып табылады. Бұған дәлел тарихи этникалық және мәдени байланыстардың нығаюы. Одан бөлек, аймақаралық сауданың өсуі, бұл өз кезегінде экономикалық байланыстың жоғарылығын көрсетеді», — деді Саидикрам Ниязходжаев. «Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстанның Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігіне қонақжай қазақ жерінде жемісті жұмыс атқаруға барлық жағдайлар жасағаны үшін алғысымды білдіргім келеді», — деді Өзбекстан елшісі.

Қазақстан атынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев өз кезегінде Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 27 жылдығымен құттықтады. «Өзбекстан біздің бауырлас мемлекет. Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан байланыстардың болашағы зор. Жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара түсіністік пен серіктестік айтулы табыстарға жетелеуде.

Осы жетістіктердің одан әрі оңтайлы жалғасын табатынына кәміл сенеміз», — деді вице-министр.

Айта кетсек, биыл елімізде Өзбекстан Республикасының жылы аталып өтілуде, тиісінше келесі, яғни 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы аталып өтіледі.

inform.kz

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.