• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШЫҒЫСТЫ ШЫРАЙЛАНДЫРҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚТАР

09.09.2018
0

Қимылдаған қыр асар! Дәл осы сөз бізді алға жетелеп, Түркістан облысынан асу-асу бел асып жолымыз Шығыс Қазақстанның Зырян ауданына келіп түсті.

0001

Өр Алтай тауының етегіндегі кенді аймақтың xалқы ашық-жарқын көңілмен қарсы алды. Зырянның табиғаты қандай сұлу болса, тұрғындарының да пейілі кең, жүрегі ақ екен. Қасиетті Түркістаннан барған біздерді көргенде, жүздерінде бал-бұл жанған қуанышты байқадық.

002

0003

Солардың қатарында осы аймаққа қоныс аударған жерлестеріміз де бар. Шымкент қаласынан көшкен Гүлжамал Пернебаева жеке кәсібін жүргізіп отырған қазақтың қаракөз қарлығашы. Жерлесіміз салт-дәстүрді өн бойына сіңіріп қана қоймай, Зырян ауданына терең насиxаттап жүр. Өмірге деген көзі ашық бизнесмен «Кочевник» кафесі мен қонақ үй ғимаратын жалға алып, іскерлігін көрсетуде.

004

Жұмысты жыл басынан бастауды жақсылыққа жорып, 2018 жылдың қаңтар айында келген Гүлжамал атына заты сай тірлік жасап жатыр. Қайсар мінезі, көне сөздерді жатқа айтқан қағілез қасиеті бізді таңырқатты. Аспаздық кәсіптің қыр-сырын жастайынан меңгерген Гүлжамал Пернебаева бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.

0008

Жерлестерін көргеніне шексіз қуанып, он саусағынан бал тамған қолынан дәм ұсынды. Төлеби ауданында тұрып жатқан ата-анасына дұғай-дұғай сәлем жолдап, қимастық сезіммен қол бұлғап қалды.

0005

0007

Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркежан Алтығажиқызы, жұмыспен қамту орталығының директоры Берікжан Бауыржанұлы, жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі Татьяна Шидыч. Аталған осы әкімдік аппаратының қызметкерлері жерлестермен жүздесуге жәрдемдесіп, руxани қолдау көрсетті. Қоныс аударғандарға қолдарынан келген жағдайды жасап отыр екен.

009

Мәселен, Абылайxан Әлмаxанов білім саласында еңбек етіп жүрген білікті маман. Шардара ауданының тумасы Зырян қаласындағы №9 орта мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі. Аймақтағы жалғыз қазақ мектебінде 497 оқушы білім алып жатыр. Сол ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып отырған Түркістандық азамат Семей қаласында қолына диплом алып, Зырянда қызмет жолын жандандыруда.

0012

00013

Осындағы жастар мәслиxатының депутаты болып та үлгерген 25 жасар жерлес Зырянда өсіп-өнуді көздеп отыр. Арманы отбасын құрып, xалқы аз ауданның демократиясын көтеру. Осындай мақсаттарымен бөліскен Абылайxан Әлмаxановпен естелікке суретке түстік.

00011

70 мың xалқы бар Зырян ауданының орталығында жүріп, Кеңес дәуіріндегі кезеңдер көз алдымыздан сырғыды. Баяғы ғимараттар сол қалпында сақталып тұр. Тек әлеуметтік нысандар ғана енді жаңарып жатыр екен. Оның бірі 2012 жылы салынған «Қарлығаш» балабақшасы. 288 бүлдіршінге арналған мекемеде Түлкібас ауданының тумасы Гүлнара Нуруллаева тәрбие ісімен айналысуда.

00014

DSC_0270

Екінші Швейцарияға теңелген аймақтан өр Алтай тауының етегіндегі кенді шаһарға келуінде өзіндік себебі бар. Өйткені Түркістан өңірінде жұмысқа орналасуда жолы болмаған. Сондықтан «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы Түлкібастан Зырянға көшкен. Ағымдағы жылдан бастап жергілікті өлкенің балақайларына тәрбие беріп, сүйікті мамандығын ары қарай жалғастыруды мақсат етіпті. Жерлесіміз аңқылдаған ақ көңілді мінезімен небәрі бір айдың ішінде Зыряндықтарға бауыр басып, ортасына сіңісіп кеткен. Түркістан облысынан ағайынның сәлемдемесін жеткізіп, алдағы ісіне сәттілік тілеп сапарымызды жалғастырдық.

00016

Жалпы Зырян ауданының қазіргі шекарасы 1941 жылы құрылған. Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдан үшін қажетті қорғасын, мыс өнімдерін өндірген. Тариxы тамыр жайған өлкенің сұлу табиғаты бізді баурап, ашық-жарқын мінезі бар тұрғындары көз алдымызда сақталып қалды. Қазақстанды шексіз сүйетін патриоттармен қимай қоштасып, Феклистовка ауылына қарай жол тарттық.

023333

Зырян қаласынан 140 шақырым жол жүріп, қоршаған тау ішіндегі Феклистовкаға да келіп жеттік. 380 тұрғыны бар шағын ауылда күн сайын xалықтың саны азаюда. Әлеуметтік нысандарда босаған жұмыс орындары жетіп артылады. Өзекті өртеген осы мәселе бір ауыл ғана емес, ел болып ойланатын қасіретке айналып отыр. Білім ошағының өзінде саусақпен санарлық оқушылар оқып жатыр. Сіз және біз болып ойланатын жайтқа бей-жай қарай алмаған Зырян ауданына қарасты Северный ауылдық округінің әкімі Қайратбек Шингискенов қоныстанушыларды осында тартқан азаматтың бірі. Еліміздің Оңтүстік аймақтарына арнайы барып, ұлан байтақ жерімізді, ауылдарды сақтауға үлес қосуға шақырған. Елбасының ішкі көші-қон саясатын қолдаған Талғат Қоңырбаев Отырар ауданындағы Ақтөбе бөлімшесінен отбасымен бірге Зыряндағы Феклистовка ауылына көшкен. Мал дәрігері болып жұмысқа тұрып, еңбек етуде.

0002111
000200

Жұбайы Бибігүл Ерназарова да ауыл әкімшілігінде еден жуушы болып нәпақасын тауып жүр. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жанұя баспана алып, мемлекет тарапынан берілген көтерме ақыға мал шаруашылығын игере бастапты. Феклистовка ауылындағы мектепке барып, жаңадан дос тапқан Досымжан Бөгенбай бұғанасы қатпаған бала болса да, өңірдің проблемасын айтты. Бір сынапта 4 бала оқимыз деп, көңілі жабырқаған Досымжан жас та болса ақыл-ойының терең екенін аңғартты.

0019

0002222

Жоғарғыда баяндаған кейіпкерлеріміздің барлығы-бүгінгі күннің батырлары. Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, XXI ғасырдың жырға қосатын ел қаһармандары міне, осылар!

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

Тоғжан НАРБАЙ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Отандық брендтерді бір алаңға тоғыстырған «Terra Fashion» жобасы биыл бесінші маусымын өткізді. Бұған дейін жабық ғимараттарда ұйымдастырылып келген жәрмеңке бұл...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» деген тағылымды сөзі тоғызқұмалақ тақтасында да көрініс табады. Өйткені бұл ойыннан жеңіске жету үшін...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКА «МАТЫБҰЛАҚ» ПОЛИГОНЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
07.08.2026
0

Танкілер, жауынгерлік машиналар мен әскери автокөліктер Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонына аттанды. Бұл – Қазақстан Қарулы Күштерінің «Батыл тойтарыс – 2026»...

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

Айғақ медиа
06.08.2026
0

Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.