Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үкімет пен министрліктер Түркістан облысының қалыптасуына назар аударсын — Н.Назарбаев
    Жаңалықтар

    Үкімет пен министрліктер Түркістан облысының қалыптасуына назар аударсын — Н.Назарбаев

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.09.2018258 Views

    Үкімет пен министрліктер Түркістан облысының қалыптасуына лайықты назар аударулары қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Өздеріңіз де білетіндей, осы жылдың шілде айында Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, жаңа Түркістан облысы құрылды. Қасиетті Түркістан қаласында жаңа облыс орталығының құрылуы дербес әкімшілік орталық ретіндегі өңірдің тарихи мәнінің қайта өрлеуінің белгісі саналады. Үкімет пен министрліктер облыс орталығының құрылысына, қалыптасуына лайықты назар аударулары тиіс. Қазақстандағы бизнес те бұл жұмыстарға араласуы қажет. Мен де ол жаққа бармақпын, басшылармен бірлесіп, мән-жайды талқылайтын боламыз. Таяу уақытта дамыған жаңа облыс орталығы, экономикамыз бен бизнесіміздің жаңа өсім нүктесі пайда боларына сенімдімін», — деп атап өтті Елбасы.

    Қазақстан Президенті облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес рухани жағынан да аса маңызы бар екенін баса айтты.

    «Ол еліміздің ең киелі жерлерінің бірі. Тарлан тарихымызда талай тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Есімдері ел тарихында мәңгі жазылған біртуар тұлғаларымыз осында жай тапқан. Халық тығыз қоныстанған тұтас оңтүстіктік өңірдің дамуы жаңа облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан Үкімет пен әкімшілік бұл жерде тығыз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген Шымкенттің тыныс-тіршілігі де назарда болуы тиіс»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    ҚР Президентінің атап өтуінше, таяу уақытта Парламент қарауына жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің толыққанды жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы енгізілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.