І топтағы мүгедектерге күтім жасаушы қазақстандықтар Т30 мыңдай алатын болады, деп хабарлады Алматы бойынша еңбек, әлеуметтік қамту және көші-қон комитеті департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов.
«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 18 жастан жоғары бала кезінен І топтағы мүгедектерге күтім жасап келе жатқан тұлғаларға жаңа мемлекеттік жәремақы тағайындалды. Жәрдемақы көлемі күнкөріс минимумынан (КМ) 1,05 немесе ағымдағы жылы Т29 699 құрайды», — деді А.Нарматов жұмадағы баспасөз мәслихатында.
сондай-ақ, ол атап өткендей, жәрдемақы мүгедек жанның өзінің немесе заңды өкілінің өтініш жазған күнінен бастап және бала кезінен І топтағы мүгедектік қойылған барлық кезеңге тағайындалады. Бір отбасында екі немесе одан да көп бала кезінен І топтағы мүгедек болған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады.
«(Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін — ҚазТАГ) мүгедектің өзіне арналған барлық тиісті әлеуметтік төлемдері сақталады», — деді А.Нарматов.
1 КМ = Т28 284.