Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының орынбасарлары Ерболат Досаев пен Өмірзақ Шөкеевке «үй тапсырмасын» берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мен бірнеше рет айттым, экономика бойынша сен де ескер (Досаевқа айтқаны — Авт.). Біз көп азық-түлікті кіргіземіз, ет, балық, шұжық, жеміс пен көкөніс — өзімізде барын сырттан аламыз. Нанды да сырттан алатын шығармыз (Шөкеевке қаратып — автор.)? Міне, екеуіңе үй тапсырмасы. 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін емесін түсінемін, бірақ, ұйымдасқан түрде айналысу керек», — деді Елбасы.
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астананы ары қарай дамыту мәселелері бойынша жиын өтіп жатыр.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz