ОҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары Нұрымбетова Салтанат Мұсабекқызы 2018 жылы 17 қаңтарда облыс әкімдігінің ғимаратында Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Есеп кезінде адвокаттардың қандай жұмыстарды атқарғаны бойынша брифинг өткізу барысында Нұрымбетова Салтанаттың хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз.
Адвокаттық қызмет бойынша:
Оңтүстікте жалпы адвокаттар саны 427-ні құрайды. 1 аумақтық адвокаттар алқасы қызмет атқарады, заң консультациялар – 22, адвокаттық кеңселер -19. Өткен жылы адвокаттардың әрекеттеріне байланысты келіп түскен шағымдар саны -3. Оның ішінде , негізді деп танылған -2. Ал бір адвокатқа қатысты Әл-Фараби аудандық сотына талап-арыз енгізілген. Аталған қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылғандар саны -3 және 1 адвокаттың қызметі тоқтатыла тұрған. Есептік кезеңде адвокаттарға қатысты соттармен шығарылған жеке ұйғарымдар -2. Заңмен көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтар саны – 13 212 құрап отыр.
Жомарт БЕГІМБЕТ