Сарыағаш және Мақтарал аудандарындағы тұрғындар тарапынан түсетін арыз, шағым көп. Бұл туралы бүгін облыс әкімшілігінде өткен жиында ОҚО прокуротураның өкілдері мәлім етті. Облыс әкімі тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды дер кезінде қарап, азамттардың құқықтарын қорғау ісін күшейту арқылы түйіткілді мәселенің түйіні шешілетінін айтты.
Бүгінде прокуротура тарапынан олардың себептері мен туындау көздерін анықтап, тәуекелдерді жою мен проблемаларды шешу мақсатында арнайы жұмысшы топтарды өңірдің аумақтарына жіберу облыс әкіміне ұсынылып, қолданды. Өткен жылдың 4-15 желтоқсанында «Қауіпсіз орта қалыптастыру» іс-шарасы аясында бекітілген 6 бағыт бойынша құрылған алты жұмысшы топтың Сайрам ауданы мен Түркістан қаласындағы аяқталған жұмыс нәтижелі болғаны баяндалды.
Атқарылған жұмысқа көңілі толған аймақ басшысы енді «Жергілікті десант» іс-шарасын Сарыағаш пен Мақтарал аудандарында жалғастыруды ұсынды. Енді жоспарға сай жүргізілген іс-шаралар барысында халық арасында күнделікті тұрмыстық мәселелерге байланысты проблемалық сұрақтар зерделеніп, оларды шешуге барлық жағдайлар жасалатын болады. Айта кетсек, бұл тұста діни экстремистік бағытта ескерусіз қалмады. Нақтырақ айтқанда отырста терроризмге қарсы күрес жұмыстарын әрі қарай жандандыру мақсатында жасалынған облыстық терроризмге қарсы комиссияның ЛОГОТИПІ бекітілді.
Мақсат Тоқсанбай