Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы қоғамда қызу талқыланып қолдау табуда. Болашағына бей-жәй қарамайтын әрбір қазақстандықты үн қосуға жетелейтін жолдау Мемлекет басшысының еліне ұсынған жаңа бағыты. Осы орайда жолдауда айтылған айтылған негізгі міндеттер бойынша қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің проректоры Қанат Байболов өз ойларымен бөлісті. Айта кетсек Президент биылғы жолдауында Қазақстанның түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғандығын айта келе ел алдындағы 10 негізгі міндетті атап көрсетті. Бұл тұрғыда Елбасы ең бірінші міндет индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс деді. Яғни бұл кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған. Жолдауда айтылған осы және өзге де міндеттер аясында орамды ойлар айтылып маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Сонымен бірге жолдауда Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, көлік –логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру сынды маңызды міндеттер жүктелген. Ал «Ақылды технологиялар» агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі деген мемлекет басшысы жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып агрөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналдыру қажеттігін ұсынды. Бұл тұрғыда Елбасының жолдауына студент жастар да қолдау танытып отыр.
Абай Омар