Шымкент қаласының ардагерлері жылуға ақы төлемейтін болды. Қала әкімдігі мен жылу беруші мекеме және қалалық ардагерлер кеңесі өзара осындай келісімге келіп, үшжақты меморандумға қол қойды.
Аталған құжатқа сәйкес, төлемнен соғыс ардагерлері, оған теңестірілгендер, ардагерлердің жұбайлары мен Ленинград қоршауында болғандар босатылады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың сөзінше, 96 ардагер жыл бойы жылуға төлемейтін болды. Мұндай жеңілдіктер өткен жылы да болған еді.
Айта кетейік, «Қуатжылуорталық-3» МКК өткен жылы осындай жеңілдіктерді 119 ардагерге жасаған болатын. Биыл қарттардың қатары сиреп, 96-ны құрап отыр.
Дереккөз: Baq.kz.