ҚР Премьер -Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ кеше ОҚО-на арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация мүшелері серпінді жобалардың бірі «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығында болып, мұнда атқарылып жатқан жұмыстармен етене танысты. Сонымен бірге индустрияландыру картасына енген Ордабасы ауданына қарасты «Агро 5» кірпіш зауытында болған Асқар Мамин Шымкент қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын да аралап көрді.
Абай Омар