• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 31, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-да 60 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік көмек алған

14.10.2017
0

Бүгін Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қосымша 110 орындық ғимараты пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы қатысып, мекемеге теледидар сыйға тарту етті. Өңір басшысы ерекше күтімді қажет ететін жандарға  әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 9 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты.

«Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға  деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдап келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес. Осы жылы заманауи үлгіде салынған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесі ашылды. Онда, 32 мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында биыл 219 нысан бейімделді. Бұдан бөлек, 8 мыңнан астам азамат санаторлық-курорттық жолдамамен, 2 мыңға жуық қоларбамен, 40 мың адам техникалық көмекші және гигиеналық құралдармен,  9 мыңға жуық азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған»,-деді әкім.

Бүгінгі ашылған орталықта 18 жастан асқан  психоневрологиялық аурулары бар І және ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі. Үш қабатты ғимаратта дәрігер кабинеті мен стаматолог, гинеколог дәрігерлерінің кабинеттері мен кезекші медбикелер бекеті, тынығу бөлмесі, ем қабылдау бөлмесі бар.

Осы күні Ж.Түймебаев дендро саябақта «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне» арналған  салтанатты  шараға қатысты. Онда әкім мүмкіндігі шектеулі жандар жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, арнаулы орталықтардың емделушілері мен облыстық филармония әншілері ұсынған  концерттік бағдарламаны көрді.

Бүгінгі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 119 мың адамды құрайды. Оның 15  мыңнан астамы созылмалы жүйке ауруларына шалдыққан жандар. Бүгінде осы санаттағы  жасы 18-ден асқан мүгедектің 1268-і  басқармаға қарасты төрт ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Орталықтарда толығымен мемлекет қамқорлығына алынып,  кешенді қызметтермен қамтылуда.

Жоғарыда аталған мүмкіндігі шектеулі жандардың 40 мыңға жуығы еңбекке қабілетті азаматтар. Осы ретте, еңбек жарамды тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Нәтижесінде 526 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 633 адам уақытша жұмысқа жолданды. Ал 226 мүмкіндігі шектеулі азамат қайта даярлау қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жіберілді.

 

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.